23.08.2022, 18:31 15536

Алматыда бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі

Алматыда бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 23 ТАМЫЗ - Жаңа оқу жылынан бастап мемлекеттік мектептердің 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен жыл соңына дейін 5,3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тақырыпты жалғастыра отырып, Білім басқармасы басшысының орынбасары жергілікті бюджеттен оқулықтар мен көркем әдебиетті сатып алуға 3 млрд 263 млн 457 мың теңге бөлінгенін хабарлады. 
 

Биыл 2 сынып оқушылары жаңа оқулықтар алады. 1-11 сынып оқушылары 25 тамызға дейін 100% тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі", - деді Сайлаубай.

 
Жаңа оқу жылында 300 млн теңге сомасына көркем әдебиет кітаптары және 37,11 млн теңгеге интеллектісі бұзылған арнайы мектептерге арналған оқулықтар, соқыр балаларға арналған рельефті-нүктелі Брайль қарпіндегі оқулықтар және нашар көретін балаларға арналған ірілендірілген қаріп оқулықтары сатып алынады.
 
Бұған дейін хабарланғандай, 166 мыңға жуық алматылық оқушы бес күндік оқу аптасына көшеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны