14.04.2022, 17:55 24891

Алматыда Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысындағы көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Аталған жерде жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде апаттық жұмыстар жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
АЛМАТЫ. 14 СӘУІР - Алматыда Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысындағы қозғалыс 8 сағатқа шектеледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылы 16 сәуірде сағат 22:00-ден 17 сәуір сағат 6.00-ге дейін Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы шектеледі", - деп хабарлады "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

 
Аталған жерде жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде апаттық жұмыстар жүргізу (жабынның апаттық тақталарын ауыстыру) үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
 

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - деп қосты компанияда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны