22.11.2024, 17:28 2761

Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

23-24 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Алматы облысы фермерлері мен Алматы қаласы ауылшаруашылық өндірушілер қатысады, деп хабарлайды Алматы қаласының баспасөз қызметінен.

Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.

Өнімнің жалпы көлемі 250 тонна құрайды, оның ішінде:

* Ет өнімі - 50 тонна;

* Жеміс-көкөніс өнімі - 100 тонна;

* Сүт өнімі - 45 тонна;

* Балық өнімдері - 5 тонна;

* Өзге өнімдер - 50 тонна.

Жәрмеңке өтетін орын - Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.

Құрметті көлік иелері!

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 22 қарашада сағат 20:00-ден 24 қарашада 20:00-ге дейін жабылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз.

Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны