13.05.2022, 16:20 18481

Алматыда маусым айында екі жаңа метро станциясы іске қосылады

Алматыда маусым айында екі жаңа метро станциясы іске қосылады
АЛМАТЫ. 13 МАМЫР - Маусым айында метрополитеннің 2 станциясы – "Сары-Арқа" және "Момышұлы" іске қосылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Әкімдіктің мәліметі бойынша, Алматы әкімі көлік ағындарын оңтайлы ету үшін көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарларын ұсынды.
 

Бүгінде Төле би көшесін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол үшін әкімдік 270 жер учаскесін босатуы қажет, оның ішінде біз 63 учаске бойынша сатып алу бағасы бойынша келістік және 207 учаске бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл өткен жылы ашылған Абай даңғылындағы Момышұлы көшесінен батыс бағыттағы алты жолақты учаскемен бірге біздің мегаполистегі көлік ағындарын оңтайлы түрде қайта бөлуге және іргелес жатқан магистральдық көшелердегі көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді", – деді Алматы әкімі.

 
Жайлылық жасау және қаланы абаттандыруды жақсарту мақсатында 2019 жылдан бастап Алматыда "Халықтың бюджетке қатысуы" жобасы іске асырылуда. Биылғы жылы тұрғындардың ұсыныстары бойынша скверлерді, жаяу жүргіншілер аймақтарын жөндеу, бос жатқан учаскелерді абаттандыру бойынша 23 жоба айқындалды, 191 аула аумағын күрделі жөндеу жоспарлануда.
 
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Сайран көлін абаттандыру, соның ішінде көлдің түбін тазарту және жағалау аймағын көгалдандыру жұмыстары жоспарланған. Бүгінде бөгеттерге көпфакторлы тексеру жүргізілді, оң қорытынды бар, түбін тазарту бойынша жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде (мерзімі – а.ж. шілде айы).
 
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есірткі қылмыстарының жолын кесу үшін ауданда 457 камера орнатылады, оның ішінде 87-сі аулаларда, 202-сі саябақтарда, әлеуметтік нысандардың жанында.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны