07.07.2021, 23:05 19090

Алматыда Құрманғазы көшесімен жүру шектеледі

7 шілде сағат 12.00-ден 8 шілде сағат 9.00-ге дейін Құрманғазы көшесінде Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі.
АЛМАТЫ. 7 ШІЛДЕ - Алматыда апатты жағдайға байланысты Құрманғазы көшесінде көлік қозғалысы бір тәулікке шектеледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

7 шілде сағат 12.00-ден 8 шілде сағат 9.00-ге дейін Құрманғазы көшесінде Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі", - делінген "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарламасында.

 
Компанияның ақпараты бойынша, аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілеріндегі гидравликалық сынақтардан кейін авариялық жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны