17.06.2021, 21:49 19875

Алматыда тұрғындардың коронавирусқа қарсы иммунитеті 23%-ды құрайды

Бүгінде коронавирустан қорғалған қала тұрғындарының 23%-ның 18%-ы вакцина алды. Ал 5%-ы ауырып жазылған адамдар.
АЛМАТЫ. 17 МАУСЫМ - Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшиннің айтуынша, мегаполис тұрғындарының 23%-ы коронавирусқа қарсы иммунитетке ие, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгінде коронавирустан қорғалған қала тұрғындарының 23%-ның 18%-ы вакцина алды. Ал 5%-ы ауырып жазылған адамдар", - деді ол ӨКҚ брифингінде.

 
Ж. Бекшиннің айтуынша, мегаполисті қалыпты өмірге қайта оралуы үшін алматылықтарға белсенді түрде екпе алу, қоғамдағы шектеу шараларын қатаң сақтау қажет. Айта кетсек, 16 маусымдағы жағдай бойынша Алматыда 357 299 адам вакцина алды. Бұл қала тұрғындарының 18%-ын құрайды.
 

Әлемде КВИ ауруы мен өлімі қайтадан өсіп келе жатқан Еуропа мен Ресейге енген "Үнді" мен COVID-19 вирусының басқа мутацияларының таралуына байланысты қауіп күн сайын артуда. Біздің міндетіміз халықты вакцинаға ынталандыру", — деді Жандарбек Бекшин.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны