28.04.2021, 17:53 8665

Алматыда вакцинациядан өткені туралы электронды төлқұжат сатып алуды делдал ұсынады

Вакциналау паспорттарын 15 мың теңгеге сатады.
АЛМАТЫ. 28 СӘУІР - Вакцинациядан өткені туралы электрондық паспортты Алматыдағы бірнеше клиникалардың атынан делдал ұсынады.
 
Алматылық алаяқтар екпеден ақша табудың жолын тапты. Кейбір азаматтар адал жазылып, вакцина алған кезде, басқалары заңсыз амалды тауып отыр. Вакцинациядан өткені туралы электрондық паспортты Алматыдағы бірнеше клиникалардың атынан делдал ұсынады. Вакциналау паспорттарын 15 мың теңгеге сатады. "Евразия" бірінші арнасының тілшілері сатушымен клиент ретінде байланысқа шықты.
 
- WhatsApp-қа жеке куәлік пен үй мекенжайын жіберіңіз. 
 
- Бұл қанша тұрады? 
 
- Екі кезең үшін 15 мың теңге. 
 
- Тексеру кезінде eGov-та деректер шынымен шығады ма? 
 
- Шығады, сізге кейін өткен адамдардың үлгісін жібере аламын. Бірінші кезең бүгін, екіншісі - 18 мамыр. Содан кейін eGov-та вакцинациядан өту туралы паспорт пайда болады.
 
Сондай-ақ, делдал клиникаға байланысты құны 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін өзгеруі мүмкін екенін хабарлады. Заңсыз қызмет туралы телеарнаның белгісіз болып қалғысы келген көрермені хабарлады.

Ақпарат көзі: 1tv.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны