27.06.2022, 17:10 15381

Қарапайым азаматтар ұлттық компаниялардың акцияларын иеленіп, дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуға тиіс - Тоқаев

Оның айтуынша, дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады.
Қарапайым азаматтар ұлттық компаниялардың акцияларын иеленіп, дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуға тиіс - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. 27 МАУСЫМ - Еліміздің қарапайым азаматтары Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге және салымдарынан өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуға тиіс, деп айтты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысында, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Оның айтуынша, дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады.
 

IPO-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет. Ол үшін қағазбастылық пен бюрократияны болдырмайтын жаңа цифрлық шешімдер керек", – деді Мемлекет басшысы.

 
Отырыс барысында АХҚО-ның 2021 жылы атқарған жұмысының жылдық есебі бекітіліп, оны одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстар қаралды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны