15.03.2023, 10:24 40306

Астана маңында стихиялық қоқыс үйінділерін ұйымдастырғаны үшін құрылыс компанияларына айыппұл салынды

Биыл жалпы пайдалану орындарын ластағаны және абаттандыру ережесін бұзғаны үшін заң бұзушыларға 50 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды
Астана маңында стихиялық қоқыс үйінділерін ұйымдастырғаны үшін құрылыс компанияларына айыппұл салынды
Астана. 15 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Астанада аудандық әкімдіктер мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері түрлі кәсіпорындар (оның ішінде құрылыс компаниялары) мен тұрғындардың өздері де құрылыс қалдығын қала шетіне шығарып, көрсетілмеген орындарға төгетінін анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биыл жалпы пайдалану орындарын ластағаны (434-2-бап) және абаттандыру ережесін (505-бап) бұзғаны үшін заң бұзушыларға 50 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Оның ішінде 15 құрылыс компаниясы бар, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Былтыр 300-ге жуық табиғи қоқыс орны жойылды. 35 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Мәселен Есіл ауданында - 312 орын, Алматы ауданында - 105 орын, Байқоңыр ауданында - 90 орын, Сарыарқа ауданында - 44 орын", - деп нақтылады әкімдікте.


Әкімдік табиғатты қорғау полициясымен, Астана қаласының Экология департаментімен, "іKomek 109" бірыңғай байланыс орталығымен бірлесе отырып, қалалық "Сергек" бейнебақылау камералары арқылы қоқысты шығару мен пайдаға жарату ісін бақылауды күшейтті.

Құрылыс қалдықтарын басқару инфрақұрылымын құру және стихиялық полигондардың пайда болу көлемін азайту мақсатында әкімдік құрылыс қалдықтарын төгу және қайта өңдеу үшін арнайы "Северная гряда" алаңын салып, іске қосты. Алаңда құрылыс қалдықтарын (асфальт, кірпіш, бетон және т.б.) өңдеуге арналған қуаты жылына 196 000 м3 ұсақтау кешені орнатылған.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласының құрылыс салушыларына қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны