20.08.2021, 16:42 10953

Қазақстанда 20 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: коронавирус пен пневмониядан 163 науқас қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. 20 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 19 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 723 064 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 7 348 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 918; 
 
Алматы қаласында – 1 555; 
 
Шымкент қаласында – 415; 
 
Ақмола облысында – 287; 
 
Ақтөбе облысында – 426; 
 
Алматы облысында – 400; 
 
Атырау облысында – 435; 
 
ШҚО-да – 203; 
 
Жамбыл облысында – 265; 
 
БҚО–да – 135; 
 
Қарағанды облысында – 954; 
 
Қостанай облысында – 261; 
 
Қызылорда облысында – 233; 
 
Маңғыстау облысында – 238; 
 
Павлодар облысында – 351; 
 
СҚО-да – 171; 
 
Түркістан облысында - 101.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 5 886 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 597 850 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
20 тамызға КВИ-ден 122 620 адам (117 108 КВИ+ және 5 512 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 30 128 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 94 492 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 918 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 551 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 248 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 19 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 8 106 өлім жағдайы тіркелген. 18 тамыз күні КВИ-ден 118 адам қайтыс болды. 
 
18 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 339 жағдайы тіркелді, 45 адам қайтыс болды және 131 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 67 141, өлім – 4 174, сауыққандар – 57 455. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 19 тамызға I компонентпен 6 276 224 адам вакцинацияланды, II компонентпен 4 913 196 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 20 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны