25.08.2021, 15:24 5975

Қазақстанда 25 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: коронавирус пен пневмониядан 157 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. 25 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 24 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 754 891 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 6 040 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 505; 
 
Алматы қаласында – 1 590; 
 
Шымкент қаласында – 220; 
 
Ақмола облысында – 265; 
 
Ақтөбе облысында – 388; 
 
Алматы облысында – 358; 
 
Атырау облысында – 307; 
 
ШҚО–да – 167; 
 
Жамбыл облысында – 202; 
 
БҚО-да – 123; 
 
Қарағанды облысында – 843; 
 
Қостанай облысында – 269; 
 
Қызылорда облысында – 98; 
 
Маңғыстау облысында – 202; 
 
Павлодар облысында – 317; 
 
СҚО-да – 122; 
 
Түркістан облысында - 64.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 8 501 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 631 501 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
25 тамызға КВИ-ден 120 864 адам (114 747 КВИ+ және 6 117 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 27 666 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 93 198 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 832 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 550 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 262 пациент бар.
 
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 157 адам қайтыс болды. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 24 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 8 643 өлім жағдайы тіркелген. 23 тамыз күні КВИ-ден 131 адам қайтыс болды. 
 
23 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 428 жағдайы тіркелді, 26 адам қайтыс болды және 172 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 68 298, өлім – 4 289, сауыққандар – 57 892. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 24 тамызға I компонентпен 6 448 802 адам вакцинацияланды, II компонентпен 5 123 033 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны