09.01.2023, 09:38 26851

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдардың 60-тан астам учаскесі жабылды

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдардың 60-тан астам учаскесі жабылды
Сурет: Depositphotos
Бірқатар өңірлерде елді мекендерден шығатын жолдарда автокөліктердің жиналуы байқалады

Астана. 9 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы 9 қаңтар сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, Қазақстанда ауа райының нашарлауына (боран, нашар көріну, көктайғақ) және жол төсемін тазартуға байланысты тас жолдардың 61 учаскесі жабылды, оның ішінде 26 республикалық маңызы бар. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

ТЖМ мәліметтері бойынша, автокөліктердің жиналуы келесі өңірлерде байқалады:

Астана-Щучинск тас жолында - 8 жүк көлігі.

Ақтөбе облысының Ақтөбе-Қарабұтақ тас жолында - 30 бірлік техника.

Абай облысының Қалбатау ауылынан шығу жолында - 46 бірлік техника және Көкпекті-Қалбатау тас жолында - 39 бірлік техника. Барлығы 85 бірлік.

Павлодар облысының Шідерті-Қарағанды тас жолында - 20 бірлік техника.

Елді мекендерден шыққан кезде барлығы 143 бірлік техника бар, тас жолдар ашылады деп күтілуде. Өткен тәулікте 37 адам эвакуацияланды және құтқарылды, оның ішінде 9 бала", - деп нақтылады ведомствода.


Бұған дейін ШҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты Риддерден шығатын жолда үлкен кептелістер байқалғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны