07.04.2022, 14:11 19276

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 ауруының 16 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 ауруының 16 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 7 СӘУІР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 16 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 245 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 16 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 0, 
 
Алматы қаласында - 7, 
 
Шымкент қаласында - 0, 
 
Ақмола облысында - 0, 
 
Ақтөбе облысында - 0, 
 
Алматы облысында - 0, 
 
Атырау облысында - 0, 
 
ШҚО-да - 3, 
 
Жамбыл облысында - 0, 
 
БҚО-да - 0, 
 
Қарағанды облысында - 2, 
 
Қостанай облысында - 1, 
 
Қызылорда облысында - 0, 
 
Маңғыстау облысында - 2, 
 
Павлодар облысында - 0, 
 
СҚО-да - 1, 
 
Түркістан облысында - 0.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 86 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 290 364 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
7 сәуірге КВИ-ден 2 237 адам (1 221 КВИ+ және 1 016 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 246 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 991 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 23 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 2 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 4 пациент бар. 
 
2022 жылдың 5 сәуірінде коронавирустық инфекция (КВИ-) белгілері бар пневмонияның 14 жағдайы тіркелді және 11 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 88 739, өлім - 5 353, сауыққандар - 82 370. 
 
ҚР барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны