28.12.2021, 18:38 12586

Бүркітбаев: Қазақстан тағы 5 миллион доза вакцинаның жеткізілуін күтуде

Бүркітбаев: Қазақстан тағы 5 миллион доза вакцинаның жеткізілуін күтуде
Сурет: astana.gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 28 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 32%-ға төмендеді, деп хабарлады Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Күн сайын орта есеппен оң ПТР тестімен коронавирус инфекциясының 500 жуық және теріс ПТР тестімен 50 жуық жағдайы тіркеледі.
 

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бүгінгі күні 15 өңір және Қазақстан Республикасы "жасыл аймақта" орналасқан. 2 өңір – Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы "сары аймақта". "Қызыл аймақта" тұрған өңір жоқ. Репродуктивті сан – 0,95 құрайды", - деді Бүркітбаев.

 
Сондай-ақ, оның айтуынша, тұрақты эпидемиологиялық жағдай жазылып шыққандар санының науқастардан басым болуымен расталады.
 

Қыркүйек айынан бастап емделіп шыққан адамдардың саны науқастардан 30% артқан", - деп нақтылады ол.

 
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы атап өткендей, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, COVID-19-ға қарсы вакцина салу шарасы тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар, бірқатар шетелдік зерттеулердің нәтижесіне сәйкес екпе алған адамдарда инфекциядан қорғау 6 айдан кейін орта есеппен 1,8 есе төмендейді.
 

Қазіргі уақытта КВИ бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау өте маңызды. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар халыққа вакцинация жүргізуді күшейтіп, жаппай ревакцинация жүргізуді тездетуі қажет", - деді Бүркітбаев.

 
Қазіргі таңда 9,2 млн адам ревакцинация жасатуы тиіс, оның ішінде 400 мыңнан астам адам ревакцинациядан өткен.
 
Ревакцинацияға вакцина дозаларының жеткілікті саны бар. Желтоқсан айынан бастап 2022 жылдың бірінші тоқсанына дейін 5 млн доза жеткізу жоспарланған, деп нақтылады ол.
 

Республикада халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі таңда ересек тұрғындарды бірінші компонентпен қамту 78,6%-ды, екінші компонентпен қамту - 74,4%-ды құрады", - деді Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы.

 
Сондай-ақ, ол вакцинация басталғалы бері науқастардың 95 пайызы және өкпенің жасанды вентиляциясына түскендердің 96 пайызы екпе алмағанын айтты.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны