01.04.2022, 17:17 13976

Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19-дың 16 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19-дың 16 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 1 СӘУІР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 16 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 151 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 16 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 2,
 
Алматы қаласында - 7, 
 
Шымкент қаласында - 0, 
 
Ақмола облысында - 0, 
 
Ақтөбе облысында - 0, 
 
Алматы облысында - 1, 
 
Атырау облысында - 0, 
 
ШҚО-да - 3, 
 
Жамбыл облысында - 0,
 
БҚО-да - 0, 
 
Қарағанды облысында - 1, 
 
Қостанай облысында - 1, 
 
Қызылорда облысында - 0, 
 
Маңғыстау облысында - 0, 
 
Павлодар облысында - 0, 
 
СҚО-да - 1, 
 
Түркістан облысында - 0.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 117 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 289 810 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
1 сәуірге КВИ-ден 2 701 адам (1 681 КВИ+ және 1 020 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 328 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 2 373 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 24 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 5 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 7 пациент бар. 
 
2022 жылғы 30 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның (КВИ -) 18 жағдайы тіркелді. 
 
Бір тәулікте КВИ-ден бір адам қайтыс болды.
 
ҚР барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны