02.04.2021, 21:42 14810

Экологтар Топар көлдер жүйесіндегі балықтардың қырылуын тергеуде

Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Топар көлдер жүйесінде қырылу фактісі анықталды.
ТАЛДЫҚОРҒАН. 2 СӘУІР - 2021 жылғы 1 сәуірде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Топар көлдер жүйесінде (Алматы облысының Балқаш ауданы) қырылу фактісі анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Осы көлдер жүйесінің су айдындары "Заготпушнина" ЖШС балық шаруашылығы мен "Патриот" АБҚБ субъектілеріне бекітілген.
 
Мұндай жағдайда өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жануарлардың қырылу қаупі және (немесе) өлімі анықталған кезде барлық мүдделі органдар жедел хабардар етіледі.
 

Балықтың қырылу мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнына Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары мен "Заготпушнина" ЖШС және "Патриот" АБҚБ қорықшылық қызметінің қызметкерлері шықты", - деп хабарлады Экология министрлігінде.

 
Бұдан басқа, "балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС, Алматы облысы бойынша экология департаменті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлері зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен балық сынамаларын алу мақсатында жолға шығады.
 
Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері туралы қосымша ақпарат келіп түсуіне қарай хабарланатын болады. Өңірдегі жағдай ерекше бақылауға алынды.
 
Бұған дейін Түркістан облысында, Бадам өзенінде балықтардың жаппай қырылғаны хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны