14.03.2022, 18:56 19571

Kaspi басшысы банктің банкроттығы туралы қауесетке түсініктеме берді

Kaspi басшысы банктің банкроттығы туралы қауесетке түсініктеме берді
НҰР-СҰЛТАН. 14 НАУРЫЗ - Ломтадзе Kaspi bank банкротқа ұшырайды дегендерге жауап берді.
 
Kaspi басшысы Михаил Ломтадзе Қайрат Сатыбалдының ұсталғаны банк қызметіне еш әсер етпейтінін мәлімдеді.
 

Соңғы бірнеше күн бойы Kaspi туралы жалған ақпарат тарап жүр. Осыған байланысты көптеген сұрақ түсе бастады. Сондықтан бірден бұл әңгімеге қатысты өзім пікір білдірейін деп отырмын. Біріншіден, Kaspi банкротқа ұшырайды, Kaspi Gold-тан ақша алуға мүмкіндік болмайды дейді. Бұның барлығы - сандырақ", - дейді Ломтадзе.

 
Оның айтуынша, Kaspi халық арасында кеңінен танымал. Осыны көре алмайтындар бар. Сондықтан жалған ақпарат тарату үшін ақша төлейді, арандатушылық әрекеттерге де барады.
 
Банк басшысы доллар тапшылығын да түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, Ресейге қатысты санкциялар салдарынан қолма-қол доллар жетіспеушілігі бар. Бұрын ақшаны жылдам жеткізіп отыратын. Қазір Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты тасымалдау жұмыстары қиындап кеткен. Банк басшысының пікірінше, бұл – уақытша қиындық.
 

Қазіргі кезде ұлттық банк қолма-қол ақшаны тікелей АҚШ-тан жеткізу мәселесін пысықтап жатыр. Жақын арада осы мәселені шешуге уәде берді", - деп атап көрсетті Kaspi басшысы.

 
Ал Қайрат Сатыбалды төрт жылдан бері банктің жұмысына араласпайды. Ол 2015-2018 жылдары акционер болған.

 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны