08.07.2021, 23:58 16153

Нұр-Сұлтанда Иманов көшесіндегі көпірдегі қозғалыс ішінара шектеледі

Көпір конструкцияларын бояу жұмысына байланысты осы жылдың 10 шілдесінен 1 тамызына дейін жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін қозғалыс ішінара шектеледі.
НҰР-СҰЛТАН. 8 ШІЛДЕ - Иманов көшесіндегі көпір жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін жартылай жабылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы аудан әкімдігімен келісе отырып, Иманов көшесінің бойында, яғни Ақбұлақ өзенінің үстіндегі көпірдің металл конструкцияларын бояу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
 
Көпір конструкцияларын бояу жұмысына байланысты осы жылдың 10 шілдесінен 1 тамызына дейін жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін қозғалыс ішінара шектеледі, сондай-ақ Пушкин көшесінен Ақбұлақ өзеніне дейінгі спорт алаңдары жабылады. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.
 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз", - делінген бейінді басқарманың хабарламасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны