15.12.2021, 20:32 382391

Нығматулин БЖЗҚ басшысын жеткіліктілік шегі төңірегіндегі дүрлікпе үшін сынға алды

Нығматулин БЖЗҚ басшысын жеткіліктілік шегі төңірегіндегі дүрлікпе үшін сынға алды
Сурет: gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 15 ЖЕЛТОҚСАН - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқарма төрағасы Жанат Құрмановқа ескерту жасады.
 
Мәжіліс отырысы кезінде сақтандыру нарығы туралы заң жобасын талқылаған депутаттар БЖЗҚ басшысына ерлі-зайыптылардың бірлескен аннуитеті туралы сұрақ қойды. Бірақ Жанат Құрманов қойылған сұраққа нақты жауап бере алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Осы заңның жаңа нормалары екінші нұсқаны кеңейтеді. Әрине, өмірде әртүрлі жағдай болады, мысалы ерлі-зайыптының бірі қайтыс болуы мүмкін немесе ажырасады. Сондықтан заң бойынша осындай мәселелер шешіледі. Шартқа қосымшада жеке төлем кестесі бойынша осы мәселені шешуге болады", - деді Құрманов.

 
Басшының түсініксіз жауабына ашуы келген Нұрлан Нығматулин одан "қалай шешуге болады?" деп қайта сұрады.
 

Шешуге болады деп үшінші рет айтып отырсыз. Сіз бір айдың ішінде халық алдына шығып, сұрақтарға (жеткілікті шек жайлы) неге жауап бермегеніңіз енді түсінікті болды. Бір мәселеге жауап бере алмайсыз. Тікелей сұраққа сол жақтан да, оң жақтан да кіретін жол іздеп тұрсыз. Депутат тікелей сұрады ғой. Қалай басқарып жүрсіз, егер соны білмесеңіз? Екі негізгі қадам жасау керек. Соны айта алмай тұрсыз", - деп сынады спикер.

 
Сондай-ақ Н. Нығматулин Құрмановқа мәжіліске дайындалып келу керек екенін ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ келесі жылдан бастап зейнетақыны мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегін өзгертетіні хабарланған болатын. Бұл өзгерістер қазақстандықтардың көпшілігінің ашуын туғызды, белсенділер тіпті БЖЗҚ шешіміне қарсы петициямен қол жинауды ұйымдастырды. 

 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны