12.12.2022, 17:07 18471

Оқу-ағарту министрлігі мектеп демалысының қысқаруы туралы қауесеттерге түсініктеме берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп демалысының қысқаруы туралы қауесеттерге түсініктеме берді
Мемлекеттік мектептерде демалыс, сондай-ақ оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері өзгермейді

Астана. 12 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі келесі оқу жылы 20 тамыздан басталады деген қауесетті жоққа шығарды.
 
Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазіргі кезде қаралып жатқан жаңа нормативтік-құқықтық актіге сәйкес, Қазақстанда оқу жылы ресми түрде 20 тамызда басталады деп жазуда. Оқу-ағарту министрлі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды stopfake.kz.
 

Мемлекеттік мектептерде демалыс, сондай-ақ оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері өзгермейді. Каникул кезеңі өзгеріссіз қалады, яғни оқу күндерінің саны көбеймейді, ал каникул кезеңі азаймайды. Қазақстандық оқушылар 175 күн оқиды. Каникулдар мен демалыс күндерінің жалпы ұзақтығы 190 күнді құрайды (кібісе жылды қоспағанда)", - деп хабарлады министрлік.

 
Талқыланып жатқан құжаттың жобасы қамқоршылық кеңестердің келісімімен халықаралық және пилоттық мектептерге оқу жылының жалпы мерзімдерін реттеуге құқық береді.
 

Бұған дейін аталған мектептердің өкілдері оқу мерзімі мен каникул кезеңін өз бетінше анықтауға мүмкіндік беруді қолдаған болатын. Бұл ретте халықаралық және пилоттық мектептер (олардың саны өте аз) белгіленген оқу және каникул күндерімен (175 оқу және 190 демалыс күндері) шектеледі. Яғни, каникулды қысқарту туралы мәселе қаралып жатқан жоқ. Мемлекеттік мектептер үшін оқу және каникул мерзімдері бекітілген нормалар шеңберінде әрекет ететінін атап өткен жөн. Биылғы оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады, содан кейін каникул басталады", - деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі мектеп демалысының мерзімін анықтағаны хабарланған болатын.

Ақпарат көзі: stopfake.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны