11.11.2021, 18:46 14145

Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді

Бұрын қол қойылған келісім шеңберінде Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн дозасы сатып алынды.
Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді
Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАРАША - Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2021 жылғы 10 қарашада, мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша, ДДҰ мақұлдаған Covid-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясын Қазақстанға жеткізу жүзеге асырылды. Бұрын қол қойылған келісім шеңберінде Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн дозасы сатып алынды.
 
Бірыңғай дистрибьютор келіп түскен вакцинаны ҚР ДСМ СЭБК-нің разнарядкасына сәйкес, жедел тәртіппен еліміздің өңірлеріне жеткізідеді. Алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қол жетімді болады.
 
Вакцинаны сақтау нұсқаулығын нақты ұстану және жағымсыз салдардың балдырмау үшін вакцинаны жеткізуге және қолдануға дайындық шаралары жүргізілді. Өндіруші ұсынған суық тізбекке қойылатын талаптарға сәйкес ультра төмен температура режимінде сақтауға арналған мұздатқыш жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ, вакцинаны енгізу үшін қажетті шприцтер қоры сатып алынды. Вакцинацияның тиісті қызметкерлері вакцинамен дұрыс жұмыс істеуге және оны қолдануға үйретілді.
 
Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасы ДДҰ-ға шұғыл қолдануға рұқсат етілген, вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО-да қолданылады. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оның тиімділігі 95 пайызды құрайды. Бұл Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында "Комирнати" вакцинасымен (Пфайзер, АҚШ) 12 және одан жоғары жастағы жасөспірімдер, жүктіліктің 16-37 аптасындағы жүкті әйелдер және лактация кезеңіндегі әйелдер - босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) егілетін болады.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны