03.10.2022, 17:13 16541

Ресейде әскерге шақыру қағазын алған Қазақстан азаматтары елшілікке жүгіне алады - ҚР СІМ

Ресейде әскерге шақыру қағазын алған Қазақстан азаматтары елшілікке жүгіне алады - ҚР СІМ
Сурет: ҚР СІМ
АСТАНА. 3 ҚАЗАН - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейде жүрген қазақстандықтарға мобилизацияға шақыру қағазының келуіне қатысты түсініктеме берді.
 
Бұған дейін 47news.ru сайты Петербургте тұратын Қазақстан азаматына әскерге шақыру қағазы келгенін жазған болатын. Қазақстандықтың Ресейде тұруға ықтиярхаты бар.
 
Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі осы жағдайға түсініктеме берді. Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, базадан қателік кеткен болуы мүмкін.
 

Әрине, базаларда мұндай сәйкессіздік болып тұрады. Егер Ресей аумағында жүрген азамат тұруға ықтиярхат алса, оның Қазақстан азаматтығы қала береді. Өйткені тұруға ықтиярхат – азаматтық емес. Базадан қателік кеткен шығар", - деді ол Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

 
Смадияров мұндай жағдайға тап болған қазақстандықтарға әскери комиссариатқа барып, өз құжатын көрсетуге немесе Қазақстан елшілігіне жүгінуге кеңес берді.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны