29.09.2022, 14:43 20376

Шекарада қазақстандықтар үшін "жасыл дәліздер" құрылады

Елімізге Ресей азаматтарының жаппай келуіне байланысты шекарада қалып қойған қазақстандықтар үшін "жасыл дәліздер" жасалады.
Шекарада қазақстандықтар үшін "жасыл дәліздер" құрылады
АСТАНА. 29 ҚЫРКҮЙЕК - Елімізге Ресей азаматтарының жаппай келуіне байланысты шекарада қалып қойған қазақстандықтар үшін "жасыл дәліздер" жасалады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
 

Кеше мен Ресей Федерациясының вице-премьерімен келіссөздер жүргіздім, себебі шекараның арғы жағында ресейліктермен қатар Қазақстан азаматтары да елге кіре алмай тұр. Азық-түлік тиелген жүк көліктері де бар. Ресейлік әріптесім тиісті жағдай жасады, бүгін шекара қызметтері бір-бірімен сөйлеседі. Біз ең алдымен өз азаматтарымыз бен азық-түлік машиналары үшін "жасыл дәліздерді" қамтамасыз етуге тырысамыз", - деп жауап берді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысындағы журналистердің сұрақтарына.

 
Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде "жасыл дәліздерді" 29-30 қыркүйек аралығында ұйымдастыру жоспарлануда.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны