29.10.2021, 19:19 300059

Сот ММХҚИ студенті Томирис Байсафаның өліміне қатысты ақтау үкімін жойды

Іс Мәскеудің Никулин сотына қайта қарауға жіберілді.
МӘСКЕУ. 29 ҚАЗАН - Сот Мәскеуде қаза болған қазақстандық студент Томирис Байсафаның ісі бойынша Муртузали Меджидовке қатысты ақтау үкімінің күшін жойды. Бұл туралы қыздың анасы Жанна Ахметова Іnstagram парақшасында жазды.
 
Бұл ақпаратты Меджидовтың адвокаты Шамиль Яндарбаев та растады. Сот үкімінің күші жойылды.
 
Іс Мәскеудің Никулин сотына қайта қарауға жіберілді.
 
Бұған дейін Мәскеудің Никулин сотының алқабилер соты ер адамды ақтап шыққан. Себебі өлімге қатысы бар деген дәлелдерді таппады.
 
Соның негізінде Меджидовты ақтау жөнінде шешім қабылданған болатын.
 
Еске сала кетсек, 2018 жылдың сәуір айында қазақстандық студент қыз Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап кеткен еді.
 
Ол 3 мамырда ауруханада қайтыс болды. Қыздың ата-анасы оның өзіне қол салғандығына қатысты тергеудің нұсқасымен келіспей, тергеудің әділ жүргізілуін талап етті.
 
Кейіннен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Ресей Федерациясының омбудсмені Татьяна Москальковаға Томирис Байсафаның өлімін тергеуге көмек сұраған болатын. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны