05.11.2021, 19:46 133854

Қазақстандық оқушы таеквондодан Еуропа чемпионатында екінші орынға ие болды

Қазақстандық оқушы таеквондодан Еуропа чемпионатында екінші орынға ие болды
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚАРАША - Қазақстандық оқушы Снежана Даниленко ITF таэквондодан Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Түркістан облысы Шардара қаласынан 13 жасар оқушы Снежана Даниленко 40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынды иеленді", - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Жарыс Грекияның Крит аралында Ираклион қаласында өтті. Чемпионатқа 25 мемлекеттен 1 мыңнан астам спортшы қатысты.
 

Мен таэквондомен 7 жасымнан бері айналысып келемін. Маған бұл спорт түрі қатты ұнайды. Ол алға қойылған мақсатқа жету үшін аса қажет күш, төзімділік, батылдық пен табандылықты дамытады. Мен әрқашан жеңіске ұмтыламын. Ата-анам, мектептегі мұғалімдерім және жаттықтырушым маған үнемі қолдау көрсетеді. Болашақта бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, әлем чемпионы атанғым келеді", — деді Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Снежана Даниленко.

 
Айта кетейік, бұл жас спортшының алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін ол Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанда өткен халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған. Өткен жылы Снежана Азия чемпионатында бірінші орын алды. Оның қоржынында 63 медаль бар. Сондай-ақ жас таэквондошы "Жыл спортшысы" кубогының иегері.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны