Смайылов балаларды тегін спорт секцияларымен қамтуды арттыруды тапсырды
ҚР Премьер-Министрі 2025 жылы спортпен айналысатындардың үлесін 50%-ға дейін жеткізу керек екенін айтты.
Сонымен қатар, Үкімет отырысы барысында Смайылов Мәдениет және спорт министрлігі Білім және ғылым министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, биылғы 1 шілдеге дейін спорттық инфрақұрылым жоқ елді-мекендерде оларды салу жоспарын қабылдауды тапсырды. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігіне Ұлттық экономика, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен және әкімдіктермен бірлесіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ауру-сырқаудың алдын алу шараларын насихаттауды күшейту тапсырылды.
Министрлер кабинеті басшысының ақпараты бойынша, Қазақстанда орта есеппен халықтың 35%-ға жуығы спортпен шұғылданады.
Маңғыстау, Атырау және Ақмола облыстарының көрсеткіштері жоғары. Ал, ең төменгі көрсеткіштер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тіркеліп отыр", - деді Смайылов.
ҚР Премьер-Министрі 2025 жылы спортпен айналысатындардың үлесін 50%-ға дейін жеткізу керек екенін айтты.
Осы мақсатта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шамамен 21 млрд теңгені кәсіби спорт түрінен алып, бұқаралық спортқа қайта бағыттадық. Оның 6 млрд теңгесі мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруға жұмсалды", — деді Ә. Смайылов.
Премьер-Министр мемлекеттік тапсырыстың арқасында мыңдаған бала спорт секцияларына тегін бару мүмкіндігіне ие болғанын хабарлады. Секцияларға кететін шығындар бюджеттен төленеді. Өткен жылы республика бойынша 162 мың бала осындай мүмкіндікке ие болды. Ал биыл 275 мың бала қамтылады.
Сонымен қатар, ол мемлекеттік тапсырыс аясында спортпен шұғылданатын балалардың ең көп үлесі Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелгенін нақтылады. Әзірге Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары көш соңында қалып отыр.
Бұқаралық спортқа бағытталған қаржының 4,9 млрд теңгесі спорттық инфрақұрылымдарды салуға және жөндеуге бөлінді. Өткен жылы елімізде 41 дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылса, оның 32-сі аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде пайдалануға берілді", - деді Смайылов.
Сондай-ақ, ауылдарды спорт нұсқаушыларымен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тауып келеді.
Тек 2021 жылдың өзінде 1833 ауылда спорт нұсқаушысы деген штаттық лауазым енгізілді. 2025 жылы әрбір тірек ауылда спорттық шаралар мен секцияларды ұйымдастыруға жауапты жаттықтырушы немесе нұсқаушы болады", — деді ҚР Премьер-Министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.