Тоқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен тауарлардың бағасын бақылауда ұстауды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. 21 ҚЫРКҮЙЕК - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің тұрғын үй, құрылыс материалдары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері және жанар-жағармай нарықтарындағы бағаларды тұрақтандыру жөніндегі жұмыстары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттік төрағасының айтуынша, аталған салалар бойынша монополияға қарсы қабылданған шаралардың нәтижесінде бірқатар ірі құрылыс компаниялары бастапқы тұрғын үй бағасын маусым-тамыз айларында орта есеппен 7-20 пайызға төмендеткен, құрылыс материалдары бағасының өсуі сәуір айындағы 10,9 пайыздан, тамыз айында 3,2 пайызға дейін, бензин бағасы сәуір айындағы 8,4 пайыздан, мамыр айында 0,2 пайызға дейін арзандаған. Қазір де осы бағалар сақталып отыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының апта сайынғы қымбаттау көрсеткіші сәуір айындағы 0,6 пайыздан 14 қыркүйектегі мәлімет бойынша 0,1 пайызға дейін азайған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына тауар биржаларындағы коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасының барысы туралы баяндалды. Онда жергілікті операторлар отынды шағын партиялармен тікелей сатып алуға мүмкіндік алады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің дәрілік заттардың бағасын қайта реттеу, радиожиіліктерді аукционға шығару арқылы мобильді байланыс нарығында бәсекелестік қалыптастыруға жағдай жасау, жолаушылар тасымалы 2 миллион адамнан асатын әуежайлардағы жерде қызмет көрсету түрлеріне тәуелсіз тасымалдаушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ фармацевтика, жол құрылысы, медицина салаларында жүргізіп жатқан монополияға қарсы бақылау шаралары туралы мәлімет берілді.
Сонымен қатар Серік Жұманғарин Мемлекет басшысына Агенттіктің кедергілер жөніндегі кеңес алаңдарында бәсекелестікті дамытуға қатысты шектеулерді жою қызметі, бәсекелестік мәселелері жөніндегі заң жобасы, бәсекелестікті дамыту тұжырымдамасының әзірлемесі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі бәсекелестікті дамытудың соңғы үрдістері туралы айтты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы әлеуметтік азық-түлік пен тауарлардың бағасын бақылауда ұстауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
2025 жылы 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарлануда
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бектенов биыл теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын аяқтауды тапсырды
Вокзал маңындағы алаңдарды жөндеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан параллельді түрде қамтамасыз етіледі", - деп толықтырды Марат Қарабаев.
Мен сізге вокзалдарға қатысты тапсырма бердім. Бұл біздің имиджімізге қатысты өте маңызды мәселе, сондықтан аталған жұмыстар биыл аяқталуы керек", - деп атап көрсетті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ШҚО-да көше жарығын ауыстыруға бөлінген миллиондаған бюджет қаражаты ұрланған
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Биыл 3 облыста 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады
Бұл жұмыстар Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүргізілуде. Екінші кезең аясында 25 жобаны іске асыру қарастырылған, оның ішінде 11 жаңа жоба және 13 қолданыстағы су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ 10 облыс аумағында 5000 шақырымнан астам каналды жаңғырту жұмыстарын қамтиды. Барлық жобаларды іске асыру 2030 жылға қарай 10 млрд текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Үкімет экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселсін қарады
Екінші деңгейдегі банктер нақты секторды қаржыландыруға белсенді қатысуы керек. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында дәл осы мәселені баса айтқан болатын.
Бәйтерек" холдингі капиталын арттыру;
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мүгедектікті белгілеу бойынша 16,7 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.03.2025, 10:45Үкімет экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселсін қарады 04.03.2025, 10:12 10876Мүгедектікті белгілеу бойынша 16,7 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды04.03.2025, 15:34 10071Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады04.03.2025, 12:36 9836Биыл 3 облыста 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады04.03.2025, 15:41 9551ШҚО-да көше жарығын ауыстыруға бөлінген миллиондаған бюджет қаражаты ұрланған
27.02.2025, 16:48 129961Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады27.02.2025, 16:39 129781LRT вагондарын құрастыру басталды27.02.2025, 16:43 129571Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді28.02.2025, 13:45 106331Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде28.02.2025, 10:39 96926Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады
13.02.2025, 08:03 268881ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 259986Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 206581Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді10.02.2025, 10:34 168571"Zhastarmen" жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде17.02.2025, 14:04 168076Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді