12.10.2022, 14:01 8601

Президент қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті

Құжат мынадай бөлімдерді қамтиды: ағымдағы ахуалды талдау; халықаралық тәжірибені шолу; қаржылық мониторингті дамыту пайымы; қаржылық мониторингті дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері; нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер; тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары.
Президент қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті
Астана. 12 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
 

Әлемдік қоғам терроризмді қаржыландыру мен қылмыстық кірістерді заңдастыруды трансұлттық сипаты бар және мемлекет құрылысының тіршілігін бұза алатын жаһандық проблемалар деп таниды. Терроризм актілері саяси, аумақтық және ұлттық сипаттағы аса ауқымды қақтығыстарды тудыруы мүмкін. Өз кезегінде, қылмыстық кірістерді жылыстату адал бәсекелестікке теріс әсер етіп және көлеңкелі экономиканың көлемін арттыра отырып, мемлекеттің экономикалық мүдделеріне зиян келтіреді. Оның үстіне, пайдакүнемдік себеп қылмыстық әрекеттердің басым көпшілігінің себептік факторы болып табылады, бұл күш-жігерді кірістердің заңдастырылуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға бағыттаудың басты екенін айқындайды", - делінген тұжырымдамада.

 
Осыған байланысты, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚІ) аса өзекті міндетке айналып, барлық мемлекеттер тарапынан ұлттық, сондай-ақ халықаралық деңгейлерде ұжымдық және пәрменді шаралар қабылдау қажеттігін негіздейді.
 
Құжат мынадай бөлімдерді қамтиды: ағымдағы ахуалды талдау; халықаралық тәжірибені шолу; қаржылық мониторингті дамыту пайымы; қаржылық мониторингті дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері; нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер; тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны