28.02.2022, 17:47 15246
Азаптау және билікті асыра пайдалану туралы 203 қылмыстық іс қозғалды - БП қаңтар трагедиясын тергеу барысы туралы
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Іс-шараны ашқан Б.Асылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайғылы оқиғаның себептері мұқият тергеп-тексеріліп жатқанын атап өтті, деп ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазір біз бейбіт митингілерді әртүрлі күштердің пайдаланғанын нақты білеміз. Ұйымдастырушылар деструктивті және қылмыстық топтарды тартып, қаруландырып, олардың әрекеттерін үйлестірген. Тәртіпсіздіктер азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықпен, қиратумен және тонаумен қатар жүрген. Олардың мақсаты халықты қорқытып, биліктің жұмысына тосқауыл қою болған", - деді Б.Асылов.
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде және одан кейін ұсталған тұлғалардың құқықтарының сақталуын Бас прокуратура ерекше бақылауда. Бүгінгі таңда азаптау және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану бойынша 203 қылмыстық іс қозғалған, олардың ішіндегі ең резонанстыларын арнайы прокурорлар тергеуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұсталғандарға қатысты заңсыз тергеу әдістерін қолданды деген күдікпен 9 қызметкер анықталып, ұсталды", - деп Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев атап өтті.
С.Шалабаевтың айтуынша, қаңтардағы қайғылы оқиғаның нәтижесінде тергеу-жедел топтары терроризм актілері, кісі өлтіру, қару ұрлау және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 3502 қылмыстық істі тергеуде. Оларды бойынша 737 күдікті адам тергеу изоляторында қамауда.
Сондай-ақ, ол, бұлтартпау шарасын өзгертумен 307 адам, оның ішінде 27 кәмелетке толмағандар босатылғанын, одан басқа екі кәмелетке толмағандар қамауда қалғаны туралы айтты. Бүгінде бұлтартпау шарасын өзгерту туралы арнайы прокурорлардан тағы 22 адамға қатысты материалдар түскен.
Қаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша 1,5 мыңға жуық оқиға орындарын қарау жүргізілді, 1500-ден астам сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, жүргізілуде. Прокуратура органдарына тергеудің заңсыз әдістері мен азаптауды қолдану туралы 283 арыз түсті. Оған кінәлі құқық қорғау органдарының қызметкерлері заң алдында қатаң жауапқа тартылатын болады", - деді С.Шалабаев.
Қадағалау органы барлық жағдайда даусыз дәлелдерге негізделген объективті және бейтарап баға беріліп, азаматтардың конституциялық құқықтарының қолсұғылмаушылығы қамтамасыз етілетініне сендірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.03.2025, 15:58 11896
2025 жылы 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарлануда
Достарға айту
2025 жылы 13 мың шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 9,5 мың шақырымға арналған жобалар толық қаржыландырылған. Қалған 3,6 мың шақырым бойынша қаржыландыру мәселесі халықаралық қаржы институттарымен талқылануда. Құрылыс жұмыстарын жүргізу халықаралық қаржы институттарының есебінен жүзеге асырылады деп болжанып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
Бұл "Жезқазған - Қарағанды", "Ақтөбе - Ұлғайсын", "Атырау - Доссор" жаңа жобалары, сондай-ақ Сарыағаш, Рудный және Қызылорда қалаларын айналып өтетін жолдар.
Осы жобаларды іске асыру үшін ХҚДБ, ЕҚДБ, АДБ және басқаларын қосқанда, халықаралық қаржы институттарымен жеңілдетілген қаржы бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Тендерлерге қатысу кезінде отандық компанияларға преференциялар бере отырып, конкурстық шарттарды қайта қарау маңызды қадам болды. Бұл қазақстандық кәсіпорындарды құрылыс жұмыстарына көбірек тартуға мүмкіндік берді. Мәселен, "Қарағанды - Жезқазған" жобасы бойынша тендерге қатысушылар саны 2-ден 10-ға дейін өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2025, 15:56 12161
Бектенов биыл теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын аяқтауды тапсырды
Достарға айту
Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында еліміздің теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстары туралы баяндады.
Ол бүгінгі таңда 5 вокзалға реконструкция жүргізілгенін хабарлады. Жыл соңына дейін туристік бағыттарды қосқанда, тағы 53 вокзалға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Вокзал маңындағы алаңдарды жөндеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан параллельді түрде қамтамасыз етіледі", - деп толықтырды Марат Қарабаев.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов биыл теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
Мен сізге вокзалдарға қатысты тапсырма бердім. Бұл біздің имиджімізге қатысты өте маңызды мәселе, сондықтан аталған жұмыстар биыл аяқталуы керек", - деп атап көрсетті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2025, 15:41 12381
ШҚО-да көше жарығын ауыстыруға бөлінген миллиондаған бюджет қаражаты ұрланған
Достарға айту
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын жымқыру, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату фактілері бойынша "Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік-жекеше әріптестік аймақтық орталығы" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
2019 жылы "Өскемен және Семей қалаларындағы көше жарықтандыру жүйелерін жаңғырту" жобасы іске қосылды, оның аясында электр қуатын үнемдеу және жарық сапасын арттыру мақсатында ескі жарықтандыру құралдарын қуаты тиімді жарықдиодты шамдарға ауыстыру көзделген болатын.
Алайда, лауазымды тұлғалар жобаны жүзеге асыру барысында жалған актілерге қол қою арқылы жабдықтар мен жұмыстардың құнын арттырған және жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгеге техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін көшелерді жарықтандыру құралдарын қабылдаған.
Сонымен қатар, қылмыстық кірістерді жылыстату мақсатында "Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аймақтық орталығы" АҚ басшысы компанияны сенімді адамының атына тіркеп, қаражатты жымқыру үшін қосалқы мердігерлік ұйым ретінде пайдаланған.
Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа жалпы құны 265 миллион теңгені құрайтын элиталық жылжымайтын және жылжымалы мүлік сатып алынған, оларды ықтимал тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді тұлғаларға рәсімдеген.
Сот санкциясымен аталған мүлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.
Күдікті тұлғалар тарапында қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2025, 15:34 12901
Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
Достарға айту
Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.
Облыс әкімі ирригация нысандарын қайта қалпына келтіру үшін Ислам даму банкінен қаржы тартылып жатқаны жөнінде мәлімет берді. Қазіргі кезде 135,5 миллиард теңгеге 24 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Бұдан бөлек, Түркістан қаласын және жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында "Бәйдібек ата" су қоймасының құрылысы жүргізіліп, "Боралдай" су қоймасының жобасы әзірленіп жатыр.
Нұралхан Көшеровтің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында мақта, жүгері және ет кластерлерін дамытуға айрықша мән беріледі. Атап айтқанда, мақта-тоқыма кластерінде құны 197 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылмақ. Сонымен қатар Жүгері-сірне зауытының құрылысы басталып, Австралия тәжірибесіне сай ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қолға алынды.
Бүгінгі таңда энергетика тапшылығын шешу мақсатында жалпы қуаты 2,4 ГВт-ты құрайтын 6 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар индустриялық аймақтарды қажетті инфрақұрылыммен қамту үшін тиісті жұмыстар атқарылады.
Нұралхан Көшеров биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріліп, 45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылуға тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына кеше қол қойылған "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.
Сонымен қатар Президент облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бағыттарын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2025, 12:36 12666
Биыл 3 облыста 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады
Достарға айту
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл еліміздің 3 облысында 4 жаңа су қоймасының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.
Ақмола, Қалғұты (Жамбыл облысы) және Қараөзек (Қызылорда облысы) су қоймалары суару кезеңінде 22,5 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал, Батыс Қазақстан облысында салынатын Үлкен Өзен қоймасы 5000-ға жуық тұрғыны бар екі елді мекенді су тасқынынан қорғайды.
Бұдан бөлек, бірінші кезең аясында Жамбыл облысындағы Терс-Ащыбұлақ және Қарақоңыз су қоймаларын, сондай-ақ Түркістан облысындағы Қосқорған су қоймасы мен Көксарай контрреттегішін реконструкциялау жоспарда бар.
Бұл жұмыстар Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүргізілуде. Екінші кезең аясында 25 жобаны іске асыру қарастырылған, оның ішінде 11 жаңа жоба және 13 қолданыстағы су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ 10 облыс аумағында 5000 шақырымнан астам каналды жаңғырту жұмыстарын қамтиды. Барлық жобаларды іске асыру 2030 жылға қарай 10 млрд текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2025, 10:45 14336
Үкімет экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселсін қарады
Достарға айту
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселсі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиын жаңа өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың ант беру рәсімімен басталды. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қаржыландырудың негізгі тәсілдерін ұсынды, ал салалық министрлер көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және сумен жабдықтау сияқты негізгі салалардағы шаралар туралы, сондай-ақ қаржы блогының өкілдері де баяндама жасады.
Экономиканың нақты секторын қаржыландыру - серпінді экономикалық өсудің аса маңызды факторы. Премьер-министр Олжас Бектенов бұған бүгінде бірқатар өзекті мәселе - инвестициялық жобаларды пысықтау кезінде мемлекеттік органдардың сылбыр қимылы, бизнеске берілетін ұзақмерзімді несиелеудің жетіспеушілігі және мемлекеттік қаржы институттары мен екінші деңгейлі банктер арасындағы бәсекелестік кедергі келтіріп отырғанын атап өтті. Мемлекеттік даму институттары жобаларға негізінен өздері қаржы бөліп келеді. Бұл банктердің нақты секторға деген қызығушылығын төмендетеді.
Екінші деңгейдегі банктер нақты секторды қаржыландыруға белсенді қатысуы керек. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында дәл осы мәселені баса айтқан болатын.
Үкімет биыл экономиканың нақты секторындағы жобаларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Осы мәселелерді шешу мақсатында:
мемлекеттік кепілдікті қолдану аясын кеңейту;
шағын және орта бизнеске арналған кепілдік беру қорын құру;
Бәйтерек" холдингі капиталын арттыру;
мемлекеттік даму институттары мен екінші деңгейлі банктер арасындағы бәсекелестікті қамтамасыз ету.
Премьер-министр мемлекеттік органдар мен банк секторын үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс істеуге шақырды. Осыған байланысты Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға инвесторларға барынша қолдау көрсетуді және инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды тапсырды. Әкімдіктер инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылымның уақтылы іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс. Жергілікті бюджеттер қаражатын белсенді түрде тарту қажет. Қаржы министрлігі де басым жобаларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Екінші деңгейдегі банктер нақты секторды қаржыландыруға белсенді қатысып, сауда және тұтыну несиелерін беріп қана қоймай, өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобалармен де жұмыс істеуге әзір болуға тиіс. Мемлекет өз кезегінде субсидиялау, кепілдік беру және қайта қаржыландыру құралдарымен қамтамасыз етуге дайын. Мемлекеттік институттар мен банктер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету керек. Мемлекеттік қаржы құрылымдарыт екінші деңгейдегі банктердің қызметін қайталамай, олардың қаржыландыру ісіне қатысуы үшін жағдай жасауы қажет. Сондай-ақ жеке инвестиция құралдарын, оның ішінде корпоративтік облигациялар шығаруды және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін дамытуға бағытталуы тиіс. Министрліктер, әкімдіктер, квазимемлекеттік сектор мен банктер ұлттық экономиканың сапалы әрі қарқынды өсуі үшін барлық ресурстарды жұмылдыруы қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2025, 10:12 13706
Мүгедектікті белгілеу бойынша 16,7 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
Достарға айту
2025 жылдын басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 16,7 мыңнан астам өтінім қаралды. Бүгінгі күні сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды.
Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.
Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.
Сырттай куәландыруға көшу:
- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2025, 16:32 40111
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде. Қауіпті аймақтарда өзендердегі мұзды әлсірету үшін жарылыс жұмыстары ұйымдастырылып, су өткізу жүйелері тазартылып жатыр, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Шемонаиха ауданындағы Верх-Уба ауылы маңында мұздың қалыңдығы 60 см-ге дейін жеткендіктен, мамандар арнайы жарылыс жұмыстарын жүргізді. Бұл шара өзен арнасында мұз кептелістерін болдырмау үшін қажет болды. Нәтижесінде 10 692 шаршы метр аумақтағы мұз қабаты әлсіретілді. Жұмысқа ТЖД қызметкерлері, құтқарушылар, "KazExploService" ЖШС мамандары және жергілікті билік өкілдері қатысты.
Глубокое ауданында да осындай шаралар жүргізілді. Глубочанка өзенінің сағасында 3 232 шаршы метр аумақта мұз қабаты бұзылды. Сарапшылардың айтуынша, мұзды алдын ала бұзу - судың еркін ағуына мүмкіндік беріп, тасқын қаупін азайтады.
Глубокое кентінде және Белоусовка, Прапорщиково, Уварова, Прогресс, Черемшанка ауылдарында да дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл елді мекендерде арық жүйелері тазартылып, жаңа су арналары қазылуда. Сондай-ақ су басу қаупі бар аймақтарға қажетті материалдар жеткізілуде.
Мұндай іс-шаралар су тасқынының салдарын барынша азайтуға бағытталған және төтенше жағдайлар қызметінің тұрақты бақылауында өтеді. Мамандар қажетті шараларды уақтылы қабылдау үшін мұз жағдайын бақылауды жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.03.2025, 10:45Үкімет экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселсін қарады 04.03.2025, 10:12 13386Мүгедектікті белгілеу бойынша 16,7 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды04.03.2025, 15:34 12581Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады04.03.2025, 12:36 12346Биыл 3 облыста 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады04.03.2025, 15:41 12061ШҚО-да көше жарығын ауыстыруға бөлінген миллиондаған бюджет қаражаты ұрланған
27.02.2025, 16:48 130026Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады27.02.2025, 16:39 129846LRT вагондарын құрастыру басталды27.02.2025, 16:43 129636Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді28.02.2025, 13:45 106396Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде28.02.2025, 10:39 96991Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады
13.02.2025, 08:03 268891ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 259996Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 206591Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді10.02.2025, 10:34 168911"Zhastarmen" жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде17.02.2025, 14:04 168086Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді