17.12.2024, 15:07 39031
275,7 мың адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды
Достарға айту
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 275,7 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 235,6 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 79,3 млрд теңге болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:
- eGov.kz порталында авторизациялану;
- "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі - МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);
Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.03.2025, 15:19 12486
Президентке Абай облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берілді
Достарға айту
Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған даму жоспары таныстырылды.
Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны туралы баяндалды. Жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын бұл бастамалар 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде алты жоба биыл іске қосылады.
Берік Уәли облыстағы әлеуметтік нысандардың және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, тұрғындардың сұранысына сай мектептер мен балабақшалар салу, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, коммуналдық шаруашылық саласындағы қордаланған проблемаларды, әсіресе Семей қаласының осы бағыттағы мәселелерін шешу өте өзекті.
Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынды. Облыс орталығындағы аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр. Осы ретте аспалы көпірдің жүктемесін азайтып, көлік нөпірін реттеу мақсатында Семей қаласында айналма жол салу мәселесі пысықталуда.
Мемлекет басшысы аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуі тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды. Сонымен қатар Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды лайықты деңгейде ұйымдастырудың маңызына назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 15:15 12751
Үкіметте ғылымды дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды
Бектенов министрліктер мен тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді
Достарға айту
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ғылымды дамыту және цифрландыру шаралары қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, сондай-ақ Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Сәуле Рахметуллина, Астана IT-университетінің қауымдастырылған профессоры Бейбіт Әбдікенов, Қазатомөнеркәсіптің жоғары технологиялар институты бас директорының орынбасары Александр Авдеев, VR Uniblock стартапы жетекшісі Абылай Сарғасқаев пен Derekne стартапының жетекшісі Саламат Қабдулов баяндама жасады.
Қазақстанда ғылым саласында 25 473 ғалым еңбек етеді, 425 ғылыми ұйым жұмыс істейді. 2094 ғылыми жоба, 241 ғылыми-техникалық бағдарлама, 208 коммерцияландыру жобасы іске асырылуда. Ғылымды цифрландыру шеңберінде ғылыми ұйымдар, ғалымдар, жобалар мен бағдарламалар бойынша модульдер интеграцияланған. "Бір терезе" ұлттық инновациялық жүйенің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциясы аяқталды.
Премьер-министр Мемлекет басшысының ғылым саласындағы реформалардың қарқыны мен сапасын сақтау жөніндегі тапсырмалары шеңберінде бұл үшін оңтайлы жағдай жасалып жатқанын ерекше атап өтті. 6 жыл ішінде оны республикалық бюджет есебінен қаржыландыру көлемі 6 есеге ұлғайып, биыл 252,5 млрд теңгені құрады. Ғылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, саланы қаржыландыру ЖІӨ-нің 1%-на дейін артады (2014 жылы - 0,14%). Бизнестің ғылымға инвестиция салуын ынталандыру үшін 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жеңілдіктері енгізілді.
Ғалымдарды әлеуметтік қолдау бойынша нақты шаралар қабылданды. Ғылымның басым бағыттары бойынша іргелі зерттеулермен айналысатын ғалымдар тікелей қаржыландыруға ие болады.
Жыл сайын 250-ден астам жас ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Докторантура бағдарламалары бойынша оқуға мүмкіндік беретін білім беру гранттарының саны артып келеді. Жастардың ғылымдағы үлесі айтарлықтай өсіп, бүгінде ол 46%-ды құрап отыр. Жастарды одан әрі ғылымға тарту үшін университеттердегі ғылыми зерттеулерді белсенді дамыту қажет.
Олжас Бектенов Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік университеттер филиалдары ғылымды дамыту, елімізді жаһандық академиялық қоғамдастыққа интеграциялау ісінде маңызды рөл атқаруға тиіс екенін атап өтті. Ғылым және жоғары білім министрлігіне Қазақстанға шетелдік үздік жоғары оқу орындарын тарту жұмысын жандандыру тапсырылды.
Сондай-ақ ғылымға негізделген аумақтардың - ғылыми қалашықтардың құрылуы ғылымның, технологиялар мен инновацияның дамуына серпін беретініне баса назар аударылды.
Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелері маңызды болып қала бермек. Әрбір институттың немесе жоғары оқу орнының ірі кәсіпорындардан өз серіктесі болуға тиіс. Олар оқу орнына мақсатты тапсырыстар беріп, шығыстарды бірлесіп қаржыландыруы керек. Бүгінде ғылыми әзірлемелердің мұндай сәтті мысалдары бар, бұл - Металлургия және кен байыту институтының "Қазақмыс" корпорациясымен бірлесе отырып әзірлеген тазартылған селен алу технологиясы, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің тиімділігін арттыруға бағытталған жобалар.
Премьер-министр отандық ғылымның тиімділігін арттырып, инвестициялық тартымдылығын, барлық процестің ашық әрі бүкпесіз болуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.
Осыған байланысты Олжас Бектенов министрліктер мен тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.
Ғылым және жоғары білім министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ғылыми институттар мен инновациялық өндірісттердің аумақтық шоғырлануын ескере отырып, Ғылыми қалашықтар құру тұжырымдамасын әзірлеу тапсырылды.
Әкімдіктер Ұлттық экономика, Ғылым және жоғары білім, Қаржы министрліктерімен бірлесіп, өңірлер бөлінісінде ғылымды дамыту жөніндегі көрсеткіштер мен іс-шаралардың декомпозициялау жұмысын жүргізуі қажет. Әрбір әкімдік ғылыми-технологиялық сессиялар өткізіп, өңірлік ғылымды дамыту жөнінде кешенді шаралар қабылдауы тиіс.
Ғылым және жоғары білім, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері осы жылдың соңына дейін барлық ғылыми жобалардың, гранттардың, зерттеу нәтижелері мен жарияланымдар дерекқорларын интеграциялау үшін Цифрлық ғылым порталын іске қоссын.
Сондай-ақ инновациялық жобаларды, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жеделдетіп енгізу үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалану қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 15:12 12966
СҚО-да бірнеше шенеунік құмар ойындар ойнағаны үшін қызметінен айырылды
Достарға айту
СҚО-да бірнеше шенеунік құмар ойындар ойнағаны үшін қызметінен айырылды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Өткен жылғы шілдеде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) толықтырулар енгізілді, соған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынады, әйтпесе олар теріс себептермен жұмыстан шығарылуға жатады.
Талдау шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері анықталды.
Мәселен, Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы Заң талаптарын бұза отырып, "1XBET" букмекерлік кеңсесінде жүйелі негізде "ставкалар" қоюды жүзеге асырған.
Осындай бұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарына қатысты анықталды.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған лауазымды адамдар жұмыстан босатылды, барлық мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына қатаң көрсетілді.
Қадағалау органы мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жауаптылық туралы еске салады және қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 15:06 13231
Елімізде мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымның болуы тексеріледі
Достарға айту
2025 жылдың екі айында әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау мақсатында 87 тексеру жүргізді, оның 62-сі жоспардан тыс, 5-еуі профилактикалық бақылау шеңберінде, 20-сы прокуратураның талабы бойынша болды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 34 ұйғарым берілді, шамамен 11,4 млн теңгеге 44 айыппұл салынды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мемлекеттік бақылаумен: әкімдік - 1, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары - 15, мемлекеттік мекеме - 1, ауруханалар, емханалар - 5, балабақшалар - 4, мектептер - 9, колледждер, лицейлер - 5, ДК - 10, дүкендер - 12, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер - 8, сауда үйлері - 3, полиция пункті - 1, стомалогия - 3, автобус парктері, авто/теміржол вокзалдары, әуежайлар - 6, кітапхана - 1 және басқалар қамтылды.
Мәселен, Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігінің өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша жергілікті дүкенге жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.
Бұл ретте әлеуметтік инспекторлар барлық өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер орын алып жатқанын айтуда. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растайды.
"Соңғы уақытта Қарағанды қаласында, оның ішінде Әлихан Бөкейхан ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеуде алға жылжу байқалады. Қала біртіндеп мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімді бола бастады: инфрақұрылым жақсаруда, көптеген ғимараттар пандустармен және бейімделген кіреберістермен жабдықталған. Оған мысал ретінде Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін айтуға болады, онда кіреберіс жабдықталған, лифт орнатылған, соның нәтижесінде мүгедектігі бар азаматтарға спортпен шұғылдануға көбірек орын бөлінді. Әрине, әлі де бірқатар жұмыстар жасау қажет, бірақ оң өзгерістер қазірдің өзінде байқалады әрі алдағы уақытта қол жетімді орта қалыпты жағдайға айналатынына сенемін", - деп атап өтті Қарағанды қаласының тұрғыны, екінші топ мүгедектігі бар азамат Сергей Харченко.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 10:03 13476
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің жалақысы бойынша 329 млн теңгеге берешекті анықтады
Достарға айту
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 19 кәсіпорны 1,2 мыңнан астам жұмыскерге 328,9 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 995 фактісі анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 579 ұйғарым берілді және 69,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 900 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 135,8 млн теңге төленді.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2025 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 896 тексеру жүргізді, оның барысында 995 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында - 904; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша - 85; халықты жұмыспен қамту бойынша - 6.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6,3 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 09:48 14176
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері уақытша жұмыс істемейді
Достарға айту
Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 8 наурыз күні "Халықаралық әйелдер" және 21-23 наурыз аралығы "Наурыз мейрамын" мерекелеуге байланысты қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 08:39 13946
Қазақстанның бес өңірінде автожолдарда қозғалыс шектеулері енгізілді
Достарға айту
2025 жылғы 11 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 5 облыстағы 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. , деп хабарлайды ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметінен.
📍Ақмола облысы:
- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 856-917 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-Жақсы ауылы).
📍Қарағанды облысы:
- "Астана-Караганда-Алматы" автожолының 1505-1610 шақырым аралығы (Атамекен ауылы-Ақсу-Аюлы ауылы).
📍Қостанай облысы:
- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасы-Арқалық қаласы).
📍Солтүстік Қазақстан облысы:
- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы).
📍Ұлытау облысы:
- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылы-Қостанай облысы шекарасы).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 703 арнайы техника мен 1770 маман жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.03.2025, 16:20 116336
Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Gezhouba Group басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкіметте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек China Gezhouba Group (ҚХР) Басқарма төрағасы Лю Хуайлянмен кездесті. Тараптар Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су құбырын салу жобасын талқылады.
Ұзындығы шамамен 200 км су құбырынан басқа, жобаны іске асыру өнімділігі тәулігіне 342 мың текше метр үш су құбыры сорғы стансасын және өнімділігі тәулігіне 210 мың текше метрді құрайтын №4 сорғы-сүзгі стансасын салуды көздейді. Лю Хуайлян құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы сәуір айында басталатынын растады.
Кездесу барысында Роман Скляр инфрақұрылымдық жобаның тұрғындарды таза сумен үздіксіз қамтамасыз етудегі әлеуметтік маңыздылығын аймақты дамыту, тұрмыс сапасын жақсарту және тұрақты экономикалық өсуге негіз болатынын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар жобаны іске асыру және ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.03.2025, 09:48Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері уақытша жұмыс істемейді 11.03.2025, 08:39 13836Қазақстанның бес өңірінде автожолдарда қозғалыс шектеулері енгізілді11.03.2025, 10:03 13366Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің жалақысы бойынша 329 млн теңгеге берешекті анықтады11.03.2025, 15:06 13121Елімізде мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымның болуы тексеріледі11.03.2025, 15:12 12856СҚО-да бірнеше шенеунік құмар ойындар ойнағаны үшін қызметінен айырылды
06.03.2025, 17:04 129571Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді06.03.2025, 17:02 129531Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді07.03.2025, 16:20 116226Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда07.03.2025, 16:15 109351Жалпы құны 918,3 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді07.03.2025, 09:29 105796Әйелдер Skills Enbek платформасында кәсіби онлайн-оқытудан белсенді өтуде - Еңбек министрлігі
13.02.2025, 08:03 269951ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 261066Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 207656Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді10.02.2025, 10:34 176071"Zhastarmen" жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде17.02.2025, 14:04 169151Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді