15.02.2023, 09:24 17356

Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Жүктер әуе көлігімен Газиантеп қаласына жөнелтіледі
Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді
Сурет: gov.kz
Астана. 15 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.


Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.

Қазақстан биыл ақпан айының басында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жоюда Түркияға қолдау көрсетуде", - деп атап өтті баспасөз қызметі.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Түркия Республикасына шұғыл көмек көрсетуге 1 миллион доллар бөлген болатын. Сондай-ақ, Қазақстан Түркияға жалпы саны 100 адамнан тұратын екі құтқарушы тобын жіберді.

Бұған дейін 13 ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтар 115 тонна гуманитарлық көмек жинағаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, AFAD қорына 32 млн теңге жиналып, аударылды. Қазақстаннан Түркияға 75 тонна гуманитарлық көмек жіберілді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда 35,4 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 414-ке жетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны