27.10.2022, 16:07 32336

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қарудың 70%-ға жуығы тәркіленді - ІІМ

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қарудың 70%-ға жуығы тәркіленді - ІІМ
Сурет: Depositphotos
Астана. 27 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда қаңтар оқиғасы барысында ұрланған 2960 қарудың 2045-і тәркіленді, деп хабарлады Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев Сенат отырысында депутаттардың рақымшылық туралы заң жобасы бойынша сұрақтарына жауап бере отырып.
 

2045 бірлік қару тәркіленді, оның ішінде 708 бірлік ұрланған қызметтік қару және 1258 бірлік бейбіт тұрғындардан ұрланған қару", - деді Сүнтаев.

 
Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде барлығы 2960 қару ұрланған. Оның көп бөлігі бейбіт тұрғындардан, аз бөлігі прокуратура органдарынан, ҚР ҰҚК, Ұлттық Ұлан және басқа жерлерден ұрланған.
 
Бүгінгі таңда ұрланған қарудың 69% тәркіленді.
 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Сенат "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасын мақұлдады, оған сәйкес қаңтар оқиғаларына 1,5 мыңға жуық қатысушыға қатысты қылмыстық істер тоқтатылады.
 
Бұл ретте Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген мен "Жабайы Арман" атанған криминалдық авторитет Арман Жұмагелдиев рақымшылыққа ілінген жоқ. Бұл туралы Сенат аясында ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шиндалиев айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны