16.02.2023, 17:58 53831

ҚР ИИДМ басшысы сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы нормалар мен ережелерді біріздендіруді ұсынды

ҚР ИИДМ басшысы сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы нормалар мен ережелерді біріздендіруді ұсынды
Қазіргі уақытта ТМД ғалымдары Орталық Азияның құрылыс нормаларында сейсмикаға төзімділік талаптарын жетілдіру бойынша тәуекел картасын әзірлеуге арналған зерттеулерді жүргізуде

Мәскеу. 16 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Ресейдегі әріптестерімен кездесуде сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы нормалар мен ережелерді біріздендіру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
 

Осы ынтымақтастықтың аясында ТМД ғалымдары Орталық Азияның құрылыс нормаларында сейсмикаға төзімділік талаптарын жетілдіру бойынша тәуекел картасын әзірлеуге арналған зерттеулерді жүргізіп келеді. Бұл зерттеудің деректері жер қыртысындағы жарылған жерлерді анықтап, тектоникалық қозғалыстар мен Орталық Азия елдері аумағындағы сейсмикалық қауіпті аймақтарында есептеу жүргізіп, осы ақпаратты бірлесіп талдау үшін пайдаланылмақ", - деді кездесу барысында ведомство басшысы.

 
Кездесуде Қарабаев сәулет, қала құрылысы және тұтастай құрылыс саласын дамыту, сондай-ақ құрылысты цифрландыру, ипотекалық несиелеу және мемлекеттік сараптама саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
 
Бұдан басқа цифрлы тахографтарды пайдалану, екі мемлекеттің шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту және "Солтүстік-Оңтүстік", "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" мен "Меридиан" көлік дәліздерін дамыту, сондай-ақ ресейлік тасымалдаушылардың еліміздің аумағына жүктерді қайта тіркеу (қайта тиеу) арқылы тасымал жұмыстарын үйлестіру сынды мәселелер қаузалды.
 
Сондай-ақ бұл күні ҚР ИИДМ басшысы Ресей Федерациясының Энергетика министрі Николай Шульгиновпен кездесті. Тараптар битум жеткізу мәселелерін талқылап, энергетика саласындағы ынтымақтастық екіжақты қатынастардың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.
 
Жұмыс сапары барысында Марат Кәрімжанұлы РФ үкімет төрағасының орынбасары - РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен де кездесу өткізеді. Қазір өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы экономикалық байланыстың негізгі бағыты саналатынын айта кету керек.
 
Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісі 46 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Бұл жер сілкінісі соңғы 80 жылдағы ең күшті болды.
 
Қазақстанның ең сейсмикалық қауіпті қалаларының бірі - Алматыда ағымдағы жылдың екінші жартысында жаңа сейсмоаудит өткізіледі. Сондай-ақ, Қазақстанда Ұлттық сейсмологиялық бақылау орталығы пайда болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны