08.07.2021, 23:45 69523

Ақмола облысында ауыл әкімдерін сайлауға дайындық туралы айтылды

КӨКШЕТАУ. 8 ШІЛДЕ - Ақмола облысында 8 шілдедегі жағдай бойынша ауыл әкімдерін сайлауға 300 кандидат ұсынылды. Оның 207-сі өзін-өзі ұсынған, 93-і саяси партиялардан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Садуов айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Өңірде алғашқы тікелей сайлауда 95 ауыл әкімін сайлау жоспарлануда, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.
 

Қазіргі уақытта төрт партия өз мүшелерін ұсынды. Nur Otan ең көп кандидат санын ұсынды - 76. Қазақстанның Халық партиясы 11 адам, "Ақ жол" - 4, "Ауыл" және "Адал" - 1 кандидаттан ұсынды", - деді Манарбек Садуов.

 
Ол кандидаттарды ұсыну 26 маусымда басталып, 9 шілдеде аяқталатынын айтты. Кандидаттарды саяси партиялармен, өзін-өзі ұсыну жолымен және аудан әкімімен ұсынуға болады. Заңнамаға сәйкес әкім лауазымына сайлау үшін ел азаматы жасы 25-тен кем емес, әрекетке қабілетті, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес болуы, заңда белгіленген тәртіппен танылған соттылығы және сыбайлас жемқорлық қылмыс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері болмауы тиіс. Үміткерлер талаптарға сәйкестігін тексеруден өтеді.
 
Өңірде ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге 238 сайлау комиссиясы - 20 аумақтық және 218 учаскелік комиссия қатысатын болады. Сайлау 153 мыңнан астам адам тұратын 227 елді мекенде өтеді, оның 100 мыңы сайлаушылар.
 
Айта кетейік, Ақмола облысында 239 ауылдық деңгейдегі әкім бар, оның 95-ін 25 шілдеде төрт жылдық мерзімге сайлау жоспарлануда. 
 
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Конституциялық заңына қол қойды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны