02.08.2022, 16:24 30641

Алматы облысының прокуроры тағайындалды

Алматы облысының прокуроры тағайындалды
Сурет: gov.kz
АЛМАТЫ. 2 ТАМЫЗ - Бас прокуратура қызметінің бастығы мен Алматы облысының прокуроры тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының келісімі бойынша, Бас Прокурордың а.ж. 1 тамыздағы бұйрығымен Адамов Берік Абызбайұлы Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды.
 
Адамов Б.А. прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі ретінде бастады.
 
Әр жылдары Астана қаласының, Қарағанды облысының прокуратураларында және орталық аппаратта түрлі лауазымды қызметтерді атқарды.
 

Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 17 жылдан астам. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі", - деп хабарлады ведомствода.

 
Сондай-ақ, Бас Прокурордың 2022 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Сағиев Елдос Әлиханұлы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып тағайындалды.
 
Сағиев Е.Ә. еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысының прокуратура органдарында бастаған.
 
Тергеу жұмысында тәжірибесі мол. Қарағанды, Қостанай облыстарының қаржы полициясы органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.
 
Маңғыстау, Қостанай облыстары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаменттерін басқарды.
 
Осы қызметке тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болды. Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі – 18 жыл.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны