30.03.2022, 16:53 28751

Алматыдағы несиелік тұрғын үй тек қалада кезекте тұрғандарға арналған

Алматы қаласы әкімдігі Алматы облысы тұрғындарының несиелік тұрғын үйді броньдау жағдайы бойынша түсініктеме берді.
Алматыдағы несиелік тұрғын үй тек қалада кезекте тұрғандарға арналған
АЛМАТЫ. 30 НАУРЫЗ - Алматы қаласы әкімдігі Алматы облысы тұрғындарының несиелік тұрғын үйді броньдау жағдайы бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"Отбасы банк" АҚ "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" бағыты бойынша Алматы қаласы әкімдігінің несиелік тұрғын үйіне кезекте тұрғандар үшін броньдауды өткізді. Сонымен қатар, банктің әкімдікке ұсынған тізіміне Алматы облысының (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарының бөліктері, сондай-ақ Қапшағай әкімшілігінің аумағы – 150-ден астам елді мекен) тұрғындары кірді", - деп хабарлады әкімдікте.

 
Алматыдағы несиелік тұрғын үйлерді ("Нұрлы дала" ТК және Наурызбай ауданындағы "Алма Сити 5" ТК, Алатау ауданындағы "Мәдениет" шағын ауданы) Алматы қаласының Жайлы қалалық орта басқармасы салған және заңнамаға сәйкес тек Алматы қаласында кезекте тұрғандарға арналған.
 

2021 жылғы 28 қазанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне аталған азаматтардың Алматы қаласы әкімдігінің несиелік тұрғын үй сатып алу заңдылығын түсіндіру жөнінде сұрау салған болатын. Министрліктегілер кезекте тұрғандар несиелік тұрғын үйді тіркелген жері бойынша ғана ала алатынын растады. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй осы елді мекенде есепте тұрған азаматтарға ғана пайдалануға беріледі", - деп нақтылады әкімдікте.

 
Бүгінде Алматы қаласы әкімдігінің несиелік тұрғын үй кезегінде 33 059 адам тұр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны