10.02.2023, 13:09 28026

Амстердам соты Стати ісі бойынша "Самұрық-Қазына" пайдасына шешім шығарды

Сот талқылауының сәтті аяқталуына «Самұрық-Қазына» қоры мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі арасындағы жемісті ынтымақтастық нәтижесінде қол жеткізілді
Астана. 10 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 8 ақпанда Амстердам аудандық соты кәсіпкерлер Анатолий мен Габриэль Статидің және олардың компанияларының ("Стати") "Самұрық-Қазынаға" қарсы шағымдары негізсіз деп шешті. Сот Статиге "Самұрық-Қазына" мен Қазақстан Республикасы шеккен сот шығынын төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Ұлттық әл-ауқат қоры.
 
Шешім істі талқылау барысында шығарылды. Онда Стати "Самұрық-Қазына" іс жүзінде Қазақстан Республикасының бір бөлігі, сондықтан Қазақстанға қарсы төрелік шешім бойынша болжамды талаптар үшін жауап береді деп мәлімдеді.
 
Бұл Нидерланды сотының "Самұрық-Қазына" мен Қазақстан Республикасының пайдасына Стати ісі бойынша алғашқы шешімі емес.
 
9 қаңтарда Амстердам Округтік соты Нидерландының жария тәртібіне қарсы келетін Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom Group S. A. және Terra Raf Trans Trading LTD. (Стати) процессуалдық алаяқтығы нәтижесінде алынған төрелік шешімді орындау туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тарты.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны