02.06.2021, 20:28 18887

Қазақстанда бизнеске заңсыз араласқаны үшін шенеуніктерді жауапкершілікке тарту үшін ескіру мерзімі ұлғайтылады

НҰР-СҰЛТАН. 2 МАУСЫМ - Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар отандық кәсіпкерлерді заңсыз қысымнан қорғауға бағытталған заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Заң жобасында, атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 62-бабына толықтыру көзделген, оған сәйкес лауазымды тұлғаларды бизнеске заңсыз тексерулер жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі 2 айдан 1 жылға дейін ұлғайтылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
 
Отырыс барысында айтылғандай, қазіргі уақытта мемлекеттік органдарды тексеру нәтижелеріне шағымдану процесі ұзақ уақыт алады, соның салдарынан кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу бөлігінде заңнаманы бұзған бақылау-қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі өтіп жатыр.
 

Бұл норма "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етеді, онда мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуын тоқтатуға бағытталған заңдар қабылданатыны нақты белгіленген. Сонымен қатар, прокуратура органдарына кәсіпкерлердің шағымдарына оларды басқа мемлекеттік органдарға жібермей-ақ дереу ден қоюға мүмкіндік беретін норма бар. Біз прокурордың қаулыларын орындамағаны үшін де жауапкершілікті белгілейміз. Осылайша, мұның барлығы бизнесті заңсыз қысымнан қорғауды күшейтеді", - деп атап өтті Палата Спикері Нұрлан Нығматулин.

 
Естеріңізге сала кетейік, Мәжіліс пленарлық отырыста рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуынан қорғау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны