05.05.2022, 20:18 31176

Қазақстанда референдум өткізу күні белгілі болды

Қазақстанда референдум өткізу күні белгілі болды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 5 МАМЫР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясына толықтырулар енгізу туралы үндеу жасады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұған дейін Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойған болатын, оған сәйкес республикалық референдум 5 маусымға белгіленді.
 

Конституциялық реформа барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге бағытталған. Түзетулер «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түбегейлі көшуді көздейді", - деді Президент қазақстандықтарға арнаған сөзінде.

 
Мемлекет басшысының айтуынша, Конституциялық реформа биліктің өкілді тармағын айтарлықтай күшейтеді. Үйлесімді және теңгерімді жүйені нығайтады. Мәслихаттардың ықпалын арттырады.
 

Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі. Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық  қамтуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны