26.01.2022, 18:13 18341

Қазақстанның вокзалдары мен әуежайларында тексеру күшейтіледі

Қазақстанның вокзалдары мен әуежайларында тексеру күшейтіледі
Сурет: depositphotos.com
НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАҢТАР - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін бекітті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Тізімге Қазақстанның барлық теміржол вокзалдары мен әуежайлары енді.
 
Көлік инфрақұрылымы объектілеріне мынадай заттар мен құралдарды әкелуге тыйым салынады:
 
- Атыс қаруының барлық түрлері және оның оқ-дәрілері; 
- Түйрегіш және кесетін қару;
- Жарғыш және өлімге әкеп соқтыратын өзге де құрылғылар, жарылғыш заттар және құрамында жарылғыш заттар бар құралдар;
- Радиоактивті заттар;
- Есірткі кұралдары;
- Тез тұтанғыш сұйықтықтар мен заттар;
- Тұтанғыш қатты заттар - су тиюі әсерінен өздігінен тұтануы және өртенуі мүмкін жылу және жанғыш газдар шығаратын заттар;
- Улы, қатты әсер ететін және уландыратын сұйық немесе қатты күйдегі, ыдысқа оралған заттар;
- Жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар, құрамында осылар бар заттар мен құралдар;
- Улы және тоттанатын заттар.
 
Бұйрықпен оларға қатысты тексеру жүргізілмейтін адамдардың тізбесі де бекітілді. Оның ішінде:
 
1. Қазақстан Республикасының Президенті.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.
3. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы.
4. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Терағасы.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
6. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
7. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы.
8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы.
10. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
11. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
12. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры.
13. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
14. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы.
15. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы.
16. Қазақстан Республикасының министрлері.
 
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны