09.09.2022, 16:37 22671

"ҚазАвтоЖол" бірқатар техникалық қадағалау қызметтеріне 72 млн теңге айыппұл салды

"ҚазАвтоЖол" бірқатар техникалық қадағалау қызметтеріне 72 млн теңге айыппұл салды
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚЫРКҮЙЕК - Жол құрылысын бақылайтын бірқатар техникалық қадағалау қызметіне айыппұл салынды. Олар құрылыс-монтаждау жұмыстарының басынан бастап жобаны пайдалануға беруге дейінгі аралықта құрылыс сапасына жауапты. 
 
Биыл республикалық маңызы бар жолдардың 200-ге жуық учаскесі құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қамтылып отыр.
 
 "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл учаскелерде 47 техникалық қадағалау қызметі бар. Олар ұлттық компанияның құрылыс жұмыстары жүріп жатқан учаскелердегі өкілдері.
 
Ұлттық компаниядан хабарламасына сүйенсек, биыл техникалық қадағалау қызметтерінің жұмысын тексерілгеннен соң, оларға 72 млн теңге айыппұл салынған. Сонымен қатар құрылыс нысандарында жеткіліксіз бақылау жүргізген 20-ға жуық сарапшы маман жұмыстан шеттетілген.

Бұған дейін хабарланғандай, "ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодор" бірыңғай жол компаниясына біріктірілді.
 
Ақпарат көзі: inbusiness.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны