24.02.2023, 13:50 46131

Бас прокуратурада бірқатар тағайындаулар жасалды

Ішкі тергеп-тексеру департаментінің, қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшылары, сондай-ақ Бас Прокурор Аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
Астана. 24 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Бас прокуратурасында бірқатар жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің бастығы лауазымына әділет аға кеңесшісі Жарқын Қуанышұлы Құсайынов тағайындалды.

Жарқын Құсайынов 1976 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Қызметін 1993 жылы Бас әскери прокуратура органдарының жүйесінде бастаған.

2001-2017 жылдары Алматы қаласының прокуратурасында, Бас прокуратурада, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2017 жылдан бастап 2020 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасының басшысы, прокурордың орынбасары, кейін Жамбыл облысының прокуроры болды.

Осы тағайындауға дейін Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары болды.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 26 жылдан астам.

Бас Прокурордың бұйрығымен Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы болып әділет аға кеңесшісі Марат Баянұлы Әбішев тағайындалды.

Марат Әбішев 1979 жылы туған. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Жезқазған қаласы прокурорының көмекшісінің міндетін атқарушы қызметінен бастаған.

2002 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды облысының прокуратурасында түрлі лауазымдарды атқарды, содан кейін Бас прокуратурада 2009 жылға дейін жұмыс істеді.

Шығыс Қазақстан облысында судья болып жұмыс атқарды.

2010 жылдан бастап Бас прокуратураның Соттарда мемлекет мүдделері бойынша өкілдік ету департаментінде аға прокуроры, бөлім бастығы, Департамент бастығының орынбасары, сондай-ақ Қостанай облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Бас Прокурор Аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Мемлекеттік қызметтегі қызмет өтілі 22 жылдан асады.

Бас Прокурор Аппараты басшысының орынбасары болып әділет аға кеңесшісі Берік Болатұлы Жүнісбеков тағайындалды.

Берік Жүнісбеков 1981 жылы туған. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

2003 жылдан 2009 жылға дейін Алматы қаласының прокуратурасында жұмыс істеді, содан кейін 2009 жылдан 2016 жылға дейін Бас прокуратурада түрлі қызметтер атқарды.

2016 жылдан 2017 жылға дейін Алматы және Қарағанды облысының прокуратура бөлімшелерін басқарды.

2020 жылы Ұлыбританиядағы Эксетер университетінде "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша магистратураны үздік бітірді.

Оқудан кейін Бас прокуратурада қызметін жалғастырып, Бас Прокурор Аппаратының азаматтық-құқықтық саласындағы бақылау-талдау басқармасын басқарды.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 18 жылдан астам.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны