19.11.2024, 16:28 2016
Елімізде бірыңғай Тамақтану стандарты әзірленеді
Достарға айту
Премьер-министр Президенттің мектеп асханаларында тамақтану сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде бірыңғай Тамақтану стандартын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектепте тегін ыстық тамақмен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Олжас Бектенов балаларға берілетін тамақтың сапасы мұқият тексеруді қажет ететінін атап өтті.
Бүгінгі таңда 403 мектепте асхана жоқ, сондықтан онда балалар ыстық тамақпен толыққанды қамтамасыз етілмеген. Мектептегі, әсіресе шағын және шалғайдағы мектептерде қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыру мәселесінде толық тәртіп орнату қажет. Тамақтану сапасын жақсарту және жеткізушІлердің жауапкершілігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдаған жөн", - деді Премьер-Министр.
Премьер-министр жыл соңына дейін тамақтану стандартын қабылдауды тапсырды. Құжат сарапшылар мен ғалымдардың қатысуымен жасалуы керек. Тиісті міндет білім және денсаулық сақтау министрліктерінің алдына қойылды.
Оқу-ағарту және Қаржы министрліктеріне міндетін адал атқармаған жеткізушілер тізілімін автоматтандырып, осындай сатып алуға қатысушылардың әкімшілік жауапкершілігін белгілеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Әкімдіктер мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін ерекше бақылауға алуы керек. Сонымен қатар инфляция деңгейін ескере отырып, тамақтану құнын қайта есептеу және оған қосымша қаражат бөлу қажет. Жыл соңына дейін бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін аппараттық-бағдарламалық кешенде орнатуды және оларды "Әлеуметтік әмиян" ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз ету маңызды.
Денсаулық сақтау министрлігіне балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мониторинг пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шараларын күшейту, қажетті нормативтік түзетулер енгізу тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
19.11.2024, 16:46 1596
Елордада әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразия құрылтайы өтті
Достарға айту
Елордада әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразия құрылтайы өтті, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару) тәсілдерін қоса алғанда, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды талқылауға, байланыстарды нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған.
Форум барысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов қатысушыларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті.
Біз азаматтарымыздың әлеуметтік аспектілерін жақсарту бойынша жобалар мен бастамаларды іске асыратын, ортақ әлеуметтік жауапкершілігі бар кәсіпкерлерге толықтай қолдау көрсетеміз", - деп атап өтті Б. Құдайбергенов.
Оның айтуынша, инвестициялық мақсаттар үшін - 1,5 млрд теңгеге дейінгі және айналым қаражатын толықтыруға - 500 млн теңгеге дейінгі кредит сомасына 7%-дан сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру енгізілді.
Бұған қоса, мемлекет тарапынан әлеуметтік кәсіпкерлердің микрокредиттерін 7% мөлшерлеме бойынша 20 млн теңгеге дейінгі микрокредит сомасына яғни инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін субсидиялау мүмкіндігі атап өтілді.
Биыл біз мемлекеттік гранттарды тек әлеуметтік кәсіпкерлікке беру саясатын қайта бағдарладық. Мемлекеттік гранттың көлемі бір кәсіпкерге 5 млн теңгеге дейін жетеді", - деді вице-министр.
Сөзінің соңында Б.Құдайбергенов Құрылтайға қатысушыларға алғысын білдіріп,"Үздік әлеуметтік кәсіпкер - 2024" байқауының "Әлеуметтік инновациялық шешім", "Тұрақты даму" және "Ең жас әлеуметтік кәсіпкер" номинацияларының жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2024, 16:41 1831
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Достарға айту
2024 жылдың 19 қарашасында Семей қаласындағы Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы базасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен Абай атындағы ғылыми-мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Орталықтың ашылуына орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты табысталды.
Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен журналистер қатысты.
Абай атындағы ғылыми-әдістемелік орталықты ашудың мақсаты - Абай университеті, Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейі, "Абайтану академиясы" ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, музеймен шетелдердегі Абай орталықтары арасындағы байланысты нығайту, Абай мұрасын жастар арасында насихаттаудың инновациялық формаларын айқындау.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2024, 15:44 2821
Тоқаев Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті Монаконың орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және барша адамзат үшін қауіпсіз келешекті қамтамасыз ету ісінде үлкен күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монако арасындағы достыққа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2024, 12:59 5741
Елімізде қазан айында 21 мыңнан астам жаңа автомобиль сатылды
Достарға айту
ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібінің өндіріс көлемі ағымдағы жылдың үш тоқсанында 1,2 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда, 8,5%-ға аз. Шығарылым көлемінің біршама төмендеуіне қарамастан, автоөнеркәсіп әлі де Қазақстанда машина жасаудың негізгі драйвері болып қала бермек. Мәселен, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында автокөлік құралдарын өндіру үлесі машина жасау саласының 39,4%-ын (және еліміздің барлық өңдеу өнеркәсібінің 7%-ын) құрады, деп хабарлайды energyprom.kz.
Өңірлер арасында автомобиль жасау саласында көлік шығару көлемінің жартысынан астамы Allur ("СарыАрқаАвтопром") автозауыты орналасқан Қостанай облысына ғана тиесілі болды: 633,8 млрд теңге. Сонымен қатар, ондағы автоөнеркәсіптің үлесі машина жасаудың 84,7%-ына және өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің барлық көлемінің бірден 46,2%-ына жетті, яғни, автомобиль индустриясы - облыс экономикасының жетекші және айқындаушы драйвері.
Өндіріс көлемі бойынша келесі орынға Hyundai Trans Kazakhstan және Hyundai Trans Auto автозауыттарымен Алматы қаласы жайғасты: 359 млрд теңге. Ал автоөнеркәсіптің үлесі қаладағы машина жасаудың 69,9%-ын, ал өңдеу өнеркәсібінің 29,4%-ын құрады.
Қалған өңірлерге автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндірісінің жалпы көлемінің 17,3%-ы тиесілі: 208,3 млрд теңге.
Ағымдағы жылдың үш тоқсанында 92,2 мың автокөлік құралы өндірілді, бұл 2023 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда, 15,8%-ға аз.
Барлық өндірістің 90%-ын дәстүрлі түрде жеңіл жолаушылар автомобильдері құрады: 82,9 мың көлік. Жүк автомобильдері 5,9 мың бірлікті, автобустар 1,8 мың бірлікті, тіркемелер мен жартылай тіркемелер 1,2 мың бірлікті құрады. Сондай-ақ 386 арнайы және мамандандырылған автомобильдер шығарылды.
Профильдік Қазақстан автомобиль қауымдастығының деректеріне сәйкес 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында елімізде 104,9 мың автокөлік құралы өндірілді, оның 62,9%-ы Қостанайдағы бір ғана автомобиль зауыты Allur-ге тиесілі. Салыстырып қарасақ, өткен жылдың дәл осындай кезеңінде Allur үлесі 61%-ды құрады, ал 2019 жылдың қорытындысы бойынша бүкіл автоөнеркәсіп саласының жартысынан көп пайызды, 2016 жылы 22%-ды құрады.
Келесі орындарда - нарықтағы үлес салмағы 30,5%-бен Hyundai Trans Kazakhstan және 3,6% үлеспен СемАЗ. Қалған автозауыттардың өндірісі автокөлік құралдарының барлық өндірісінің тек 3%-ын ғана құрады.
Қазақстанда жаңа жеңіл және коммерциялық автомобильдердің сатылымы ағымдағы жылдың қазан айының қорытындысы бойынша 21,5 мың бірлікке жетті, бұл өткен аймен салыстырғанда, 20,1%-ға және 2023 жылдың қазан айымен салыстырғанда, 18,3%-ға артық. Айта кетерлігі, қазан айындағы сату көлемі биылғы жылдың ең үлкен сату көлемі болды.
Дистрибьюторлар тұрғысынан, қазан айында жаңа автомобильдердің жартысынан көбі тек Allur-да сатылды: 50,7% немесе 10,9 мың автокөлік, бұл - 2024 жылы ҚР дилерлері арасында абсолютті мән бойынша, сондай-ақ нарықтағы үлес салмағы бойынша да ай сайынғы сатылым бойынша рекордтық көрсеткіш. Келесі орынға Astana Motors орналасты: 31,9% немесе 6,9 мың жаңа автомобиль сатылды. Басқа дистрибьюторлар жалпы нарықтың 17,4%-ын құрады.
Ағымдағы жылдың қазан айында сатылымы бойынша автомобиль брендтерінің арасында Chevrolet көш бастап тұр: 6,3 мың автомобиль. Одан кейін - Hyundai (3 мың), Kia (2,4 мың), Chery (1,4 мың) және Haval (1,3 мың).
Ал модельдер бойынша қазан айында Chevrolet Cobalt абсолютті көшбасшы болды: бірден 5,9 мың көлік сатылды, бұл - бір айда бір модельді сату бойынша рекордтық көрсеткіш. Одан кейін - Hyundai Tucson (1,3 мың) және Kia Sorento (746).
Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда 158,6 мың жаңа автомобиль сатылды, бұл 2023 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда, 1,5%-ға көп. Брендтер тұрғысынан, ең көп сатылған бренд Hyundai болды: 34,2 мың көлік. Одан кейінгі орында Chevrolet (22 мың) және Kia (19,5 мың) тұр.
Модельдер тұрғысынан, сатылған жаңа автомобильдердің саны бойынша тағы да Chevrolet Cobalt көш бастап тұр: 18,2 мың автомобиль. Одан кейінгі орындарға Hyundai Tucson және Kia Sportage орналасты: 17,4 мың және 7,8 мың.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2024, 12:48 6066
Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты ашылды
Достарға айту
Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты ашылды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.
15 қарашада Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы аясында Мемлекет басшысы Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде "Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты" ЖШС құрылды. Айта кетейік, мекеме "Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы" құрамында.
Жаңа құрылған институттың жұмысы - асыл тұқымды жылқылардың сапасын жақсартуға, жылқы шаруашылығын белсенді дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және отандық тұқымды сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған. Алдағы бес жылда асыл тұқымды жылқы санын 6-7 пайызға арттыру көзделіп отыр.
Жергілікті қостанай, адай және соғымға арналған мұғалжар, жәбе, күшім генотиптерін көбейту үшін селлекциялық және асылдандыру бағытында жұмыстар белсенді жүргізілмек. Ол үшін жылқылардың әртүрлі генетикалық топтары туралы ақпаратты сақтайтын деректер қорын және ұрықтар мен эмбриондар банкі құрылмақ. Сондай-ақ, биелерді қолдан ұрықтандыру зертханалық пунктін салып, арнайы жылқы өсіруші мамандарын дайындау жоспарланып отыр. Арнайы жылқы ветеринарлық клиникасын ашу арқылыветеринариялық қызмет көрсету деңгейінің сапасы жақсарады - дейді мамандар.
2035 жылға дейін жылқы шаруашылығында ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының бірі отандық популяциядағы жылқылардың генетикалық әлеуетін селекциялық, технологиялық әдістермен арттырып, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің тауар шаруашылықтарына кеңінен енгізу. Мұның бәрі өсірілетін тұқымдардың өнімділігінің 20-25%-ға өсуін қамтамасыз етеді.
Белгіленген жоспарларды іске асырудың негізгі шарттарының бірі шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен, университеттермен және халықаралық стандартқа сай зертханаларымен бірлесе жұмыс істеу. Бірлескен ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру және шетелдік әріптестермен ақпарат алмасу арқылы еліміздің жылқы шаруашылығына озық тәжірибелерді енгізуге және оны халықаралық аренада бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2024, 12:14 6501
Алматы облысының елді мекендерінде газ уақытша өшіріледі
Достарға айту
ТЭЦ-3-ке жаңа газ құбырын қосу бойынша жұмыстар жүргізілуіне байланысты Алматы облысының бірқатар елдімекендеріне газ беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды "QazaqGaz Aimaq" АҚ баспасөз қызметінен.
"QazaqGaz Aimaq" АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы 2024 жылдың 19 қарашасында ТЭЦ-3-ке дейін тартылып жатқан жаңа газ құбырын қосу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Соған орай, Алматы облысы Іле ауданының келесі елдімекендеріндегі 4449 абонентке көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады:
Коктерек ауылы
Энергетик" саяжай-кооперативі
Байсерке ауылы
Проектировщик" саяжай-кооперативі
Надежда" саяжай-кооперативі.
Тұрғындар үшін маңызды ақпарат
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аталмыш елдімекен тұрғындарынан:
жұмыстар аяқталғанға дейін газ шүмектерін жауып қоюды;
QazaqGaz Aimaq" АҚ Алматы өндірістік филиалы мамандары іске қосу шараларын толық аяқтамайынша газ шүмектерін ашпауды сұрайды.
QazaqGaz Aimaq" АҚ аталмыш жұмыстардың мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында ТЭЦ-3-тің табиғи газға көшірілуіне байланысты жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар екенін хабарлайды.
Сұрақтарыңыз болса, 104 нөмірі бойынша газ қызметіне хабарласа аласыз.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және тұтынушылар тарапынан түсіністікке сенім артамыз. Барлық жұмыстар газ желілерін қауіпсіздікпен және тұрақтылықпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.11.2024, 11:31 6906
Үкімет жалпыға бірдей декларацияның соңғы кезеңінің күшін жоюды қолдады
Достарға айту
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмалары аясында жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаржы министрі Мәди Такиев бүгінде алғашқы үш кезеңде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4,8 млн адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық ұйымдар, квазимемлекеттік сектор басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары енгенін хабарлады.
Қалған санаттағы азаматтардың (жеке құрылымдар қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа да тұлғалар) 8 млн-ға жуық адамның декларация тапсыру міндеттеріне қатысты қаржы министрі деректер базасын цифрландыруды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуды ескере отырып, аталған санаттағы азаматтарды активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырудан босатуды ұсынды.
Босату осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-дан астамына әсер етеді. Декларациялауды келесі санаттағы тұлғалар үшін сақтау ұсынылады: ҚР тысқары жерлерде активтері бар; бір жыл ішінде құны 20 мың АЕК (74 млн теңге) астам сомаға сатып алулар жасаған; дербес салық салынатын табыс алған.
Азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы берілетінін атап өткен жөн.
Премьер-министр Олжас Бектенов аталған ұсынысты қолдап, Қаржы, Ұлттық экономика және Әділет министрліктеріне үш күн ішінде заңнамаға қажетті түзетулер дайындауды және оларды Парламенттің қарауына енгізуді тапсырды.
Қазір декларацияны 4 млн-нан астам адам тапсырады. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері бар. 2025 жылы барлық қалған санаттағы азаматтар декларация тапсырады деп жоспарланған болатын. Бұған халық алаңдаушылық білдірді, сондықтан аталған мәселеге Мемлекет басшысы өзінің назарын аударды. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың деректер базасы барынша цифрландырылған. Қаржылық және валюталық бақылау күшейтілді. Халықаралық келісімдер шеңберінде шоттар бойынша деректер алмасу жолға қойылды. Цифрлық қызметтер кең таралған. Сондықтан жалпы алғанда, жеке тұлғалардың активтері бойынша барлық ақпарат бар. Қаржы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері тіркеу және салықтық бақылау үшін барлық цифрлық базалардан, оның ішінде екінші деңгейлі банктерден мәліметтер алуды қамтамасыз еткені жөн. Сондықтан мен 2025 жылы азаматтардың қалған санаттарын активтер туралы декларацияларды міндетті түрде тапсырудан босату туралы қаржы министрінің ұсынысын қолдаймын", - деп атап өтті Премьер-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 14:47 26016
Jibek joly туристік пойызы теміржол туризмінің жаңа көкжиегін ашты
Достарға айту
Jibek joly туристік пойызы теміржол туризмінің жаңа көкжиегін ашты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Jibek joly туристік пойызы "Алматы-Түркістан-Ташкент-Алматы" бағыты бойынша алғашқы сапарын сәтті бастады. Биыл алғаш рет іске қосылған тур 5 күнге жоспарланған. Осы уақыт аралығында жолаушылар жайлы сапардан бөлек, Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени-тарихи орталығы саналатын Түркістан мен Ташкент қалаларында болады.
Туристік пойыздың құрамына бұрын басқа маршруттарда пайдаланылмаған, Қазақстанда өндірілген су жаңа бес заманауи вагон кіреді. Пойыз экипажының құрамында басшы, сегіз тәжірибелі жолсерік және электромеханик бар.
Пойыздың сыртқы көрінісінде мемлекеттік Тудың суреті бейнеленсе, ішкі дизайны қазақы қонақжайлылықтың атмосферасын көрсетеді. Яғни, ұлттық ою-өрнектері бар алтын түстес төсек-орын вагонға ерекше сипат беріп, дәстүрлі стильде безендірілген вагон-ресторан ұлттық және еуропалық тағамдардың түрлі мәзірін ұсынады.
Біз алғаш рет Алматы-Түркістан-Ташкент-Алматы бағыты бойынша туристік пойызбен саяхатқа шықтық. Сапар аясында бір күн Түркістанда, екі күн Ташкентте боламыз. Бұл туристік пойыз теміржол туризмінің және жалпы еліміздің туристік әлеуетінің қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді", - деп атап өтті жолаушы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.11.2024, 11:31Үкімет жалпыға бірдей декларацияның соңғы кезеңінің күшін жоюды қолдады 19.11.2024, 12:14 6021Алматы облысының елді мекендерінде газ уақытша өшіріледі19.11.2024, 12:48 5586Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты ашылды19.11.2024, 12:59 5261Елімізде қазан айында 21 мыңнан астам жаңа автомобиль сатылды19.11.2024, 15:44 2341Тоқаев Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады
14.11.2024, 15:50 93841ІІМ мопедтерге нөмірлік белгілердің қашан берілетінін хабарлады14.11.2024, 15:36 93721Қазақстан мен Өзбекстан арасында алғашқы теміржол туры іске қосылады14.11.2024, 15:44 93651Қала сыртындағы жолдарда қамту мақсатында "жасырын" патрульдеу енгізілді14.11.2024, 15:30 93561Қазақстан 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізеді14.11.2024, 15:01 93361Қазақстан "Серпін" бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейтуге ниетті
24.10.2024, 16:52 140391Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 137151Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 134471Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 130056Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 129876Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді