06.04.2022, 18:21 7201

Мәскеуде ҰҚШҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігі ашылады

Қазақстан Үкіметі ҚР Президенттің "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігін ашу туралы" Жарлығының жобасын жариялады.
Мәскеуде ҰҚШҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігі ашылады
Сурет: paodkb.org
НҰР-СҰЛТАН. 6 СӘУІР - Қазақстан Үкіметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігін ашу туралы" Жарлығының жобасын жариялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY online.zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
 

Жобаның мақсаты – Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Тұрақты кеңесі мен оның аппараты жанындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті өкілі мәртебесін ҰҚШҰ шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру", - делінген құжатта.


Жарлық қол қойылғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны