24.05.2021, 21:54 8909

ҚР Премьер-Министрі өрттен зардап шеккен Риддер тұрғындарымен кездесті

Үкімет басшысы зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы жұмыстарының барысын тексерді.
РИДДЕР. 24 МАМЫР - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Риддер қаласына барып, өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Үкімет басшысы зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы жұмыстарының барысын тексерді.
 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Риддер қаласында болған өрттен зардап шеккен барлық отбасылар жақын арада жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдады", — деді А. Мамин.

 
Өрттен зардап шеккен отбасыларға арналған 30 жаңа тұрғын үйдің құрылысы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қарастырылған Үкімет резервінің қаражаты есебінен жаңа "Ботаника үшінші тұрғын үй ауданында" жүргізілуде. Әр үйдің ауданы – 80 шаршы метр, ал үй маңындағы жеке учаске көлемі – 10 сотық.
 
Риддер қаласында болған өрт салдарын жою үшін 557,5 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын "ОблШығысЖол", "VK Invest Company", "QK Sunqar", "Востоквзрывпром", "Kazprofstroy Holding" компаниялары жүргізуде. 
 
Үйлердің құрылысын биылғы 15 тамызға қарай аяқтау жоспарланған. Жаңа шағын ауданда барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынады.
 
Жұмыс сапарына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қатысты.
 
Естеріңізге сала кетейік, орман өрті 10 мамырда басталған болатын. Желдің екпіні секундына 20 метрге жеткен Лесхоз кентінің бес көшесінде 31 үй, 5 жеңіл автокөлік және 7 шаруашылық құрылысы учаскесінде, сондай-ақ ТҚС үй-жайы отпен жойылды.
 
Өртенген үйлерде 72 адам тұрды, оның ішінде 11 бала. Өрт кезінде 1948 жылы туған қарт әйел қайтыс болып, 1949 және 1980 жылы туған екі ер адам жарақат алды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны