23.12.2021, 19:40 27711

Сенат жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң қабылдады

Сенат жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. 23 ЖЕЛТОҚСАН - Сенатта "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң мен оған ілеспе екі заң қабылданды. Құжаттар жануарларды қатыгездіктен қорғаудың құқықтық тетіктерін жасайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Сенатының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сенаторлар бүгін "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңды және оған ілеспе екі заңды, нақты айтқанда, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарды қабылдады.
 
Бұл құжаттар жануарларды қатігездіктен қорғаудың құқықтық тетіктерін қалыптастырады. Сондай-ақ осы заң арқылы жануарларға қатігездік жасағаны үшін жауапкершілік белгіленеді.
 

Мемлекет басшысы Жолдауда жануарларды қорғауға қатысты құқықтық қатынастарды заңнамалық тұрғыдан реттеу қажеттігін айтқаны белгілі. Осы орайда, бүгін қабылданған заңдар өте маңызды. Онда жануарларға жауапкершілікпен қарауды реттеу қағидаттары, олардың иелерінің міндеттері, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың осы бағыттағы құзыреттері бекітілген", – деді Сенат Төрағасы.

 
Бұған дейін хабарланғандай, жануарлар құқығын қорғаушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жануарларды қорғау туралы заң жобасына вето қою туралы өтініш жазған болатын. Олардың айтуынша, оның қабылдануымен Қазақстанда қолданылып жүрген қараусыз және қаңғыбас жануарларды өлтірудің заңсыз практикасы заңдастырылатын болады. Белсенділер бұған дейін Экология министрлігімен келісілген бірқатар нормалардың "жаман жағына қарай түбегейлі өзгертілгеніне" сендірді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны