18.08.2022, 15:26 39931

Үш облыстың ҚМА Экономикалық тергеу департаменттерінің басшылары тағайындалды

Ұлытау, Жетісу, Абай облыстары бойынша ҚМА Экономикалық тергеу департаменттерінің басшылары тағайындалды.
Үш облыстың ҚМА Экономикалық тергеу департаменттерінің басшылары тағайындалды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 18 ТАМЫЗ - Ұлытау, Жетісу, Абай облыстары бойынша ҚМА Экономикалық тергеу департаменттерінің басшылары тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Ерік Есенов Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
 
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Талғат Таңатаров Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
 
Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығымен Нұрлан Кәрімов Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны