28.12.2022, 10:16 12756

Тұңғыш Президент туралы Конституциялық заңның күшін жою туралы заң жобасы Мәжіліс жұмысына қабылданды

Заң жобасы референдумда қабылданған Конституцияға енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді
Тұңғыш Президент туралы Конституциялық заңның күшін жою туралы заң жобасы Мәжіліс жұмысына қабылданды
Сурет: elbasy.kz
Астана. 28 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Парламенті Мәжілісі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасын қарайды.

Аталған заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша, ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Атап айтатын болсақ, биылғы 8 маусымдағы Заңмен Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата Заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Осыған байланысты, бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескере отырып, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді", - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Арман Қожахметов палатаның жалпы отырысында.


Осы орайда ол Мәжіліс комитеті заң жобасын талқылауға алатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, түзетулер мемлекеттің бірінші басшысының мәртебесі мен артықшылығын алып тастауды көздейді, тек осы мемлекеттің негізін қалаушының тарихи рөлі ғана қалады.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны