26.07.2022, 13:17 32236

Тоқаев Қазақстанның Кипрмен экстрадициялау туралы шартының жобасын мақұлдады

Тоқаев Қазақстанның Кипрмен экстрадициялау туралы шартының жобасын мақұлдады
НҰР-СҰЛТАН. 26 ШІЛДЕ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттың және ұстап беру туралы шарттың жобаларын мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарттың жобасын мақұлдады.
 

Уағдаласушы мемлекеттер көмекке жүгінген кезде жазасы Сұрау салушы мемлекеттің юрисдикциясына кіретін құқық бұзушылықтарға қатысты қылмыстық істер бойынша бір-біріне барынша кең құқықтық көмек көрсетуге міндеттенеді", - делінген құжат жобасында.

 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шарттың жобасын мақұлдады.
 

Әрбір Уағдаласушы мемлекет екінші Уағдаласушы мемлекеттің сұрау салуы бойынша ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау мақсатында Сұрау салушы Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органдары іздестіріп жатқан оның аумағындағы кез келген адамды осы Шарттың және өзінің заңнамасының талаптарына сәйкес ұстап беруге міндеттенеді", - делінген шарттың жобасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны