29.12.2021, 14:02 38081

Жыл басынан бері БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы 1,38 трлн теңгені құрады

2021 жылдың 1 желтоқсанында басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,4 трлн теңге болды.
НҰР-СҰЛТАН. 29 ЖЕЛТОҚСАН - Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2021 жылдың басынан бастап 1 желтоқсанға дейін есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 1,38 трлн теңге, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2021 жылдың 1 желтоқсанында басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,4 трлн теңге болды
 

ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 366,46 млрд теңгеге жетті. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,2 млрд теңгені құрады", - деп нақтылады баспасөз қызметінде.

 
2021 жылдың 1 желтоқсанында ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған 2021 жылға арналған бағыттар шеңберінде ҚРҰБ-ның қаржы құралдарына салынған негізгі инвестициялары (сенімгерлік басқарушы ретінде) былайша берілген:
 
- ағымдағы құны 5 094,12 млрд теңгені (барлық портфельдің 38,11%) құрайтын ҚР Қаржы министрлігі шығарған ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары (МБҚ). ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік теңгемен – жылдық 9,4%, АҚШ долларында – жылдық 3,4% құрады.
 
- шетелдердің мемлекеттік бағалы қағаздары 2 179,87 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі 16,31%. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліндегі шет мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылдық 0,9% құрады.
 
- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 732,38 млрд теңге (портфельдегі үлесі 12,96%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 10,7%, АҚШ долларымен-жылдық 5,5% құрады.
 
- 1 035,84 млрд теңгеге (7,75%) ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары. 2021 жылдың 1 желтоқсанында ҚР ЕДБ облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 10,0% құрады. 
 
Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель былайша берілген:
 
- ұлттық валютадағы инвестициялар – 67,61%;
 
- АҚШ долларында – 32,32%;
 
- Ресей рублінде және басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%.
 
ҚРҰБ жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:
 
- бағалы қағаздар, оның ішінде орналастырылған салымдар және "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер 803,91 млрд теңге;
 
- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 156,37 млрд теңге;
 
- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 83,08 млрд теңге;
 
- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 161,05 млрд теңге;
 
- өзге де кірістер 176,10 млрд теңгені құрады. 
 
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2021 жылдың басынан бері 1 380,51 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың басынан салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 7,80% болған кезде 11,00% құрады. Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 3,20% болды.
 
Бұл ретте 2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы күнтізбелік 12 айда (2020 жылғы желтоқсаннан бастап 2021 жылғы желтоқсанға дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 8,70% мөлшерінде инфляция кезінде 11,77% құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 3,07% болды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны